Тұрақты зейнетақы аударымдары қомақты зейнетақының кепілі

Регулярные пенсионные отчисления как залог хорошей пенсии

Тұрақты зейнетақы аударымдары қомақты зейнетақының кепілі

Зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі зейнеткерлер арасында ғана емес, жалпы халықтың белсенді түрде жұмыс істеп жүрген бөлігін де қызықтыратын өзекті мәселе. Адамдар өз болашағын жоспарлауға сауатты қарай бастады, тиісінше, қазыналы қарттыққа, берекелі болашаққа деген талпыныс та күшейді. Осыған байланысты біз бүгін «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Козбакова Сауле Бахитовнаға жауап беруді өтініп, көптеген сұрақтар қойдық.

  1. Биылғы жылы коронавирус індеті (Covid-19) филиалдың жұмысына қалай әсер етті? Карантин кезінде салымшылар мен алушыларға қалай қызмет көрсете алдыңыздар?

Наурыз-сәуір айларында коронавирус індетінің (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар шектеу шараларын алғашқылардың бірі болып енгізді. Осыған байланысты Қордың барлық бөлімшелері қызмет көрсетудің жаңартылған режиміне көшті: кейбір бөлімшелер қашықтықтан жұмыс істесе, қалған бөлімшелерде алдын ала жазылу бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүргізген кезекші қызметкерлер жұмыс атқарды. Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің қашықтықтан алу мүмкін емес басым (кейінге қалдырылмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылды: салымшының/ алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу және мұра); Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу және басқалар. Қордың өзге қызмет түрлерін біз ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде алуға табанды түрде талап қойып, ұсыныс жасадық.

Алайда эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарған тамыз-қыркүйек айларында  барлық филиалдарымыз әлеуметтік қашықтық шараларын сақтай отырып, салымшылар үшін есігін айқара ашты. Олардың көпшілігінің бізге үнемі қоңырау шалып, қашан ашылатынымыз туралы біліп отырғандары қуантады.

Шектеу шараларына қарамастан біздің филиал 9 ай аралығында 40 939 қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- салымшыларға/алушыларға жеке зейнетақы шоттарынан 12 822 (31%) үзінді көшірме берілді;

- салымшының/алушының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы 10 070 (25%) өтініш қабылданды;

- хабарлау тәсілін өзгерту туралы 6 212 (15%)  қосымша келісім тіркелді;

- зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы 5 178 (12%) өтініш қабылданды.

 

  1. Қордың бүгінгі күндегі негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берсеңіз?

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20% ұлғайды. Осындай әжептәуір көрсеткішке,  яғни, өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бірлікке көбейді.  

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған – олар шамамен 11 миллион, дәлірек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар - 521 681 (өсім – 2%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп өсуде, қазір БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны – 56 517 (өсім – 4%).

2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша Қостанай облысы бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 529 388 құрады , жинақталған зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 529,4 млрд теңгені құрайды. Аталған күнге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 28 947 ЖЗШ ашылды, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 14,1 млрд теңге құрады,ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 1 962 шарт жасалды, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы - 94,7 млн. теңгені құрады.

 

  1. БЖЗҚ-да шотты қалай ашуға болады?

Қазір БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті ресімдеу мақсатында Қорға келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен кезде шот БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезіндегі (сіздің жұмыс берушіңіз жіберген) төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады?

Жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен біле аласыз:

∙ электрондық тәсілдер:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;

- электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ Жеке кабинеті (сайтта немесе мобильді қосымшада) арқылы;

- ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинет арқылы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-пароль арқылы;

∙  БЖЗҚ-ға тікелей хабарласқан кезде;

∙ пошта байланысы қызметтері арқылы (пошта хабарларын ақпарат алудың осы тәсілін таңдаған және БЖЗҚ дерекқорындағы пошта мекенжайы өзекті болып қала беретін салымшылар алады).

Әрине, ең жедел тәсіл – БЖЗҚ-ның жеке кабинеті арқылы ақпарат алу. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшасын да пайдалануға болады.

 

  1. Смартфон арқылы зейнетақы шотының жай-күйін қалай қадағалауға болады? БЖЗҚ ұялы қосымшасына қалай тіркелуге болады?

ENPF ұялы қосымшасы – Қордың өзі әзірлеген жоба, оның көмегімен жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, барлық филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлерін де көруге болады. Сондай-ақ, бұл жерде Сіздерге арналған зейнетақы калькуляторы да орналастырылған, оның көмегімен өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды есептеуге болады. Онлайн-бот ең көп қойылатын сұрақтарға жауап береді, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғалар мұнда өтініш жолдау және басқа да көптеген мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие.

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасын өз телефоныңызға Google Play немесе AppStore арқылы тегін жүктеп алсаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін Сіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді пайдаланасыз. 

Өз парақшаңызға кіру үшін қосымшада авторланудың да екі тәсілі бар: ЖСН және пароль енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану, сондай-ақ, ұялы құрылғысында бар болса, пайдаланушы Android үшін Touch ID және IOS үшін Face ID арқылы кіре алады. 

ЖСН-ді логин ретінде пайдалану зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде міндетті түрде интернет-ақпараттандыруды таңдауды көздейді. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, қосымша келісімге қол қойып, enpf.kz сайтында тіркеуден өту қажет.

Сондай-ақ, ENPF ұялы қосымшасында Push хабарламалар бар. Бұл қызметті пайдалану үшін Сіз қосымшаға кіріп, баптаулардағы «push хабарландыруларын қосу/өшіру» қызметін қосуыңыз керек. Осының бәрін жасаған соң, смартфоныңыздың экранында қысқа қалқымалы хабарламалар пайда болады, олар  міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі туралы уақытылы еске салып отырады.

 

  1. Салымшыларға өз болашағын жоспарлау бойынша қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

          «БЖЗҚ» АҚ салымшылары үшін қамсыз қарттықты жоспарлау құралдары ретінде пайдалана алатын тәсілдер алуан түрлі. Бірінші кезекте, әрине, тұрақты зейнетақы аударымдары, себебі, ол – қомақты зейнетақы кепілі. Екінші кеңес – еңбек қызметін бастай отырып, өзінің еңбек қатынастарын ресми түрде, яғни, еңбек шарты бойынша (егер ол тұрақты жұмыс болса) немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша (егер жұмыс уақытша болса, мысалы, жобалық режим, штаттан тыс) рәсімдеу.            Бірінші жағдайда жұмыс беруші (заңды тұлға, жарналарды аудару жөніндегі агент) қызметкердің табысынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналарын аударуға міндетті, екінші жағдайда, егер сіз АҚС шарты бойынша жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші биылғы жылғы табысыңыздың 5%  аударуы тиіс. Бұл жарналардың түсуін ұдайы бақылап отыру керек. Оның үстіне БЖЗҚ осы тұрғыда барлық мүмкіндіктерді жасап отыр: электрондық жіберілім, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет, үнемі жаңартылып отыратын ұялы қосымша, оған дәлел, тағы да қайталап өткім келіп отыр – жақында жарналардың түскені туралы push-хабарлама қажетті функциясы іске қосылды.

          Сонымен қатар Қорда ЖЗШ ашып, өзіңізге ыңғайлы соманы белгілеп, ерікті зейнетақы жарналарын ай сайын өз шотыңызға салып отыруға болады. Бұл жерде аударымдардың мөлшері соншалықты маңызды емес, өйткені, түптеп келгенде, біздің зейнетақы қоржынымыздың қаншалықты толық екендігі олардың тұрақты аударылуына байланысты болады.

Вопросы пенсионного обеспечения актуальны не только среди сегодняшних пенсионеров, они интересуют и активно работающую часть населения. Люди стали грамотнее подходить к планированию своего будущего и, естественно, заинтересованы в обеспеченной старости. В связи с этим у них возникает немало вопросов, на которые мы сегодня попросили ответить директора Костанайского областного филиала АО «ЕНПФ» Сауле Козбакову.

 

  1. Как в нынешнем году пандемия коронавируса (Covid-19) повлияла на работу филиала? Как вам удавалось обслуживать вкладчиков и получателей во время карантина?

В марте-апреле, учитывая сложившуюся ситуацию с распространением коронавирусной инфекции (COVID-19), АО «ЕНПФ» одним из первых ввёл ряд ограничительных мер с целью защиты жизни и здоровья граждан. В этой связи все подразделения Фонда перешли на обновлённый режим обслуживания: часть работала в дистанционном режиме, в оставшихся отделениях работали дежурные сотрудники, производившие бесконтактный приём документов по предварительной записи. Бесконтактный приём документов осуществлялся по приоритетным (безотлагательным) видам пенсионных услуг, которые невозможно получить дистанционно: оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи со смертью вкладчика/ получателя (погребение и наследство); оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи с выездом на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан и другие. Иные виды услуг Фонда мы предлагали и настоятельно рекомендовали получать в режиме онлайн посредством мобильного приложения ENPF и Личного кабинета на корпоративном сайте Фонда www.enpf.kz.

Однако как только эпидемиологическая ситуация улучшилась, в августе -сентябре все наши филиалы при соблюдении мер социальной дистанции вновь открыли двери для наших вкладчиков. Приятно, что многие из них нам звонили и постоянно узнавали об открытии.

Отмечу, что несмотря на ограничительные меры нашим филиалом было оказано 40 939 услуг. Самыми популярными услугами за 9 месяцев 2020 года были следующие услуги:

  • выдача выписок с ИПС - 12 822 (31 %),
  • прием заявлений об изменении реквизитов – 10 070 (25%),
  • заключение соглашений о способе информирования – 6 212 (15%),
  • приём заявлений на выплату пенсионных накоплений – 5 178 (12%).

 

  1. Расскажите о ключевых показателях фонда на сегодняшний день?

На 1 октября 2020 года на счетах вкладчиков ЕНПФ сформированы пенсионные накопления на сумму 12,5 триллионов тенге. За год с 01.10.2019 года по 01.10.2020 года сумма увеличились почти на 1,9 триллионов тенге или на 20%. Во многом столь внушительного роста удалось добиться за счёт того, что на счета вкладчиков ЕНПФ было начислено более 1,08 триллиона тенге чистого инвестиционного дохода, что на 598,6 млрд тенге больше в сравнении с аналогичным периодом прошлого 2019 года. А с даты введения в Казахстане накопительной пенсионной системы в 1998 году до 1 октября 2020 года чистый инвестиционный доход превысил отметку в 5,4 трлн тенге.

Основная сумма пенсионных накоплений сформировалась за счёт обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и составила 12,2 трлн тенге. Сумма пенсионных накоплений по обязательным профессиональным пенсионным взносам (ОППВ) составила 301,9 млрд тенге, сумма пенсионных накоплений по добровольным пенсионным взносам (ДПВ) достигла 2,14 млрд тенге.

Число индивидуальных пенсионных счетов в ЕНПФ на 1 октября 2020 года в сравнении с аналогичным периодом 2019 года увеличилось почти на 1,2 миллиона единиц.

Набольшее количество счетов отрыто по обязательным пенсионным взносам (ОПВ) – их почти 11 миллионов, а точнее 10 982 963 (рост с начала года 11%). Далее идут счета, сформированные за счёт обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) - 521 681 (рост 2%), постепенно растёт и количество добровольных пенсионных взносов (ДПВ), таких счетов в ЕНПФ сейчас 56 517 (рост 4%).

В Костанайской области по состоянию на 01.10.2020 года количество индивидуальных пенсионных счетов с накоплениями составило:

- по учету ОПВ - 529 388 счетов с общей суммой пенсионных накоплений 529,4 млрд. тенге,

- по учету ОППВ - 28 947 счетов с общей суммой пенсионных накоплений 14,1 млрд. тенге,

- по учету ДПВ – 1 962 счетов с общей суммой пенсионных накоплений 94,7 млн. тенге.     

 

  1. Как открыть счет в ЕНПФ?

Сейчас для открытия в ЕНПФ индивидуального пенсионного счета по учету обязательных пенсионных взносов физическому лицу не нужно обращаться в ЕНПФ с целью оформления заявления. Счет открывается в информационной системе ЕНПФ автоматически при поступлении первого взноса. При этом идентификация физического лица осуществляется по персональным данным, указанным в электронном формате платежного поручения при перечислении пенсионного взноса (отправленного вашим работодателем), а все необходимые сведения о реквизитах действующего документа ЕНПФ получает из информационных систем государственных органов.

 

  1. Как можно проверить состояние своих пенсионных накоплений?

Узнать о состоянии своих накоплений можно несколькими способами:

∙        электронными способами:

– посредством электронной почты на адрес, представленный в ЕНПФ;

– посредством Личного кабинета ЕНПФ (на сайте или в мобильном приложении) с использованием электронной цифровой подписи (ЭЦП) или логина и пароля;

– посредством Личного кабинета на портале электронного правительства с использованием ЭЦП или с применением одноразового sms-пароля, который придет на номер мобильного телефона вкладчика, зарегистрированный в базе мобильных граждан;

∙        при личном обращении непосредственно в ЕНПФ;

∙ посредством услуг почтовой связи (почтовые сообщения получают вкладчики, выбравшие этот способ оповещения и чей почтовый адрес в базе данных ЕНПФ остается актуальным).

Конечно, самый оперативный способ – это получение информации через личный кабинет ЕНПФ или портал электронного правительства. Также можно воспользоваться обновлённым мобильным приложением ЕНПФ для смартфонов и планшетов.

 

  1. Как через смартфон можно отслеживать состояние своего пенсионного счета. Как зарегистрироваться в мобильном приложении ЕНПФ?

Мобильное приложение ENPF - собственная разработка Фонда, с помощью которой можно не только получить выписку с индивидуального пенсионного счёта, но и просмотреть текущие показатели по пенсионным активам, реквизиты договоров, новости, адреса и контакты всех филиалов и центров обслуживания. Также здесь для Вас имеется прогнозный пенсионный калькулятор, при помощи которого можно рассчитать свою будущую пенсию, онлайн-бот, который ответит на самые часто задаваемые вопросы, для социально-уязвимых слоев населения есть возможность направить обращение и многое другое.

Мобильное приложение ЕНПФ можно скачать на свой телефон бесплатно в Google Play или AppStore. Для регистрации в мобильном приложении можно воспользоваться одноразовым паролем, который будет направлен на Ваш мобильный телефон посредством смс-сообщения.

Для доступа к своей странице в приложении также есть два способа авторизации: ввести ИИН и пароль, либо использовать Электронную цифровую подпись, в последующем пользователь может зайти в приложение  посредством Touch ID для Android и IOS и Face ID для IOS, при их наличии на мобильном устройстве.

Использование ИИН в качестве логина предполагает обязательный выбор интернет-информирования как способа получения информации о пенсионных накоплениях. Для этого нужно один раз посетить офис ЕНПФ с документом, удостоверяющим личность, подписать дополнительное соглашение и пройти регистрацию на сайте enpf.kz.

Также в мобильном приложении ENPF есть Push-уведомления. Для того, чтобы воспользоваться данной функцией, Вам необходимо зайти в приложение и включить в настройках функцию «включить/выключить push-уведомления». Теперь, когда Вы все это сделали, на экране вашего смартфона будут периодически появляться короткие всплывающие сообщения, которые своевременно напомнят Вам о поступлении обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов.

  1. Какие рекомендации по планированию своего будущего можно дать вкладчикам?

Инструменты планирования благополучной старости, которые могут использовать вкладчики АО «ЕНПФ», разнообразны. В первую очередь, конечно же, это регулярные пенсионные отчисления как залог хорошей пенсии. Второй совет - начиная трудовую деятельность, официально оформлять свои трудовые отношения: по трудовому договору (если это постоянная работа) или по договору гражданско-правового характера (если работа носит временный, к примеру, проектный режим, фриланс). В первом случае работодатель (юридическое лицо, агент по перечислению взносов) обязан перечислять пенсионные взносы в размере 10% от дохода работника, во втором, если Вы работаете по договору ГПХ, работодатель в этом году должен перечислять 5% от дохода. Поступление этих взносов надо постоянно контролировать. Тем более, что для этого ЕНПФ предоставляет все возможности: электронную рассылку, личный кабинет на сайте enpf.kz, мобильное приложение, которое постоянно обновляется, к примеру, недавно появилась нужная функция -  push-уведомление о поступлении взносов.

Кроме того, можно делать добровольные пенсионные взносы, открыв ИПС в Фонде и, определив для себя комфортную сумму, вкладывать ее ежемесячно на свой счет. Здесь не столько важен размер отчислений, сколько их регулярность, именно от этого, в конечном счете зависит, будет ли наша пенсионная корзина полной или нет.

 

 

 

Тұрақты зейнетақы аударымдары қомақты зейнетақының кепілі
Дата публикации
17 ноября 2020