Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 «Шандақ ауылдық округінің Крамское ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы

№ 19 «Шандақ ауылдық округінің Крамское ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы»                          шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару  туралы»   2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  35-бабына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 «Шандақ ауылдық округінің Крамское ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» шешіміне (2009 жылғы 9 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-124 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мен кіріспесінде «Шандақ ауылдық округі» деген сөз тіркесі «Камышин ауылдық округі» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын»;

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданы, Камышин ауылдық округі, Крамское ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

атауы жоқ № 1 көшеге - Полевая көшесі;

атауы жоқ № 2 көшеге - Мира көшесі.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы алынып тасталсын.

  1. «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 «Шандақ ауылдық округінің Крамское ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
10 сентября 2020