БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗІ
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының жобасына
«Федоров ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірленді.
Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7665 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Осылайша, қаулы жобасын қабылдау Федоров ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту үшін қажет.
Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы 2025 жылғы 24 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Федоров ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.