Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗІ

 

 

 Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысының жобасына

 

 

          «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірленді.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының              37-бабына, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осылайша, қаулы жобасын қабылдау аудан аумағында сібір жарасы көмілген жерлердің санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу үшін қажет.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы 2025 жылғы 24 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Федоров ауданы әкімдігінің сайтында  орналастырылған.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15604494

Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысының жобасына
Дата публикации
24 сентября 2025