Федоров ауданының Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы Федоров ауданының аумақтық ком

Федоров ауданының Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы 

Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен әкімдікке кандидаттар болып тіркелгендер:

Қоржынкөл ауылдық округі бойынша:

Куантаев Алексей Дмитриевич – 1990 жылы туған, "Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ "Федоров ауданының Мансап орталығы"филиалының басшысы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Муканов Куаныш Асылбекович – 1993 жылы туған, "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ басшысы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Уристимбаев Анатолий Тохтарбаевич - 1977 жылы туған, "Уристимбаев А. Т." ШҚ басшысы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Костряков ауылдық округі бойынша:

Бемухамбетова Инна Александровна - 1987 жылы туған, "Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы болып жұмыс істейді,  Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Гончарук Светлана Александровна – 1983 жылы туған, "Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Костряков ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Хакимова Эльвира Самигулловна - 1989 жылы туған, "Федоров ауданы әкімінің аппараты" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

.

 

Федоров  ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  төрайымы                                        Т. Волоткевич

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданының Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы Федоров ауданының аумақтық ком
Дата публикации
21 сентября 2025