Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімінің кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 18.00-де Федоров ауданының Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімінің кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Қоржынкөл, Костряков сайлау округтеріне 6 кандидат ұсынылды, оның ішінде 5 кандидат - «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен және 1 кандидат «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2025 жылғы 21 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы