Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің 2025 жылғы
« » №
қаулысына қосымша
Әкімдіктің 2021 жылғы
«16» шілдедегі № 198
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1) қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның басшысы;
2) мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер);
8) музыкалық жетекші;
9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10) кітапханашы;
11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
12) дыбыс инженері;
13) аккомпаниатор;
14) хормейстер;
15) библиограф;
16) хореограф;
17) режиссер.
әдіскер.