|
Қазақстан Республикасы |
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік кызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.03.2020 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
2) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
3) жасыл екпелер тізілімі - жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:
өтініш;
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:
өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:
өтініш;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттары бар өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкестігін тексереді, өсіп тұрған ағаштардың жасыл екпелер тізіліміне сәйкес орналасқан жерін, сандық және тұқымдық құрамын, олардың күйін нақты анықтау үшін жергілікті жерге барады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішпен құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшадағы нысанға сәйкес ағаштарды кесуге рұқсатты рәсімдейді немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" |
|
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Портал арқылы өтініш берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Ағаштарды кесуге рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
|
|
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" |
|
|
Жергілікті атқарушы органның |
|
|
Байланыс |
Өтініш нөмірі:
ӨТІНІШ
(Объектінің толық атауы) объекті бойынша (объектінің толық мекен жайы) ағаштарды кесу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.
Өтініш беруші ағаштарды (ағашты) кесуге рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Келесі құжаттар ұсынылады:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(заңды тұлғаға лауазымы) жіберілген күні: кк.аа.жж.
(электрондық цифрлық қолтаңба)
|
|
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" |
|
|
Нысан |
|
|
Нөмірі: ___________ |
Ағаштарды кесуге РҰҚСАТ
Берілді: Ұйымның атауы (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі).
Объекті бойынша: объектінің атауы көрсетіледі.
Орналасқан жері: объектінің мекенжайы.
Ағаштарды (ағашты) кесу: (себебі көрсетіледі).
(Жергілікті атқарушы органның уәкілетті органының атауы), ағаштарды (ағашты) (тұқымы, сандық және сапалық сипаттамалары) ағаштардың (ағаштың) нақты күйі көрсетіледі, кесуге келіседі.
Рұқсаттың қолданылу кезеңі: (мерзімін жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы жұмыс түрлерін ескере отырып, белгілейді).
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей талаптарды орындау ұсынылады:
Жерасты және жерүсті коммуникацияларды сақтаудың нормалары мен ережелерін сақтай отырып, (мерзімі көрсетіледі) дейін (түрлік құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары көрсетіледі) көшеттерді отырғызу арқылы ағаштардың (ағаштың) өтемдік қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу қажет.
Іргелес аумақтардағы жасыл екпелерді қорғау, күтіп-ұстау және сақтау бойынша толық іс-шаралар кешенін жүргізу.
Ескертпе: Тапсырыс берушіге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, жазбаша түрде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.
Басшы (уәкiлеттi тұлға)________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(электрондық-цифрлық қолтаңба)