ҚАУЛЫ
Федоров ауданы Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1, 2-тармақшаларына сәйкес Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Федоров ауданында 2025 жылдың 12 қазанға тағайындалсын:
- Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы;
- Костряков ауылдық округі әкімінің сайлауы.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың 12 қазанға тағайындалған Федоров ауданының Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтері әкімдерін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайтында және аудандық «Фёдоровские новости» газетінде жариялансын.
Комиссиясының төрайымы Т. Волоткевич
Комиссиясының хатшысы О. Рубе