ЖОБА
|
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Федоров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялансын
- Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Федоров ауданы әкімінің орынбасары Е.А. Кожаков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
- «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 9 қарашадан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.