Хабарландыру
2025 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейін Федоров ауданының мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, ұйымдардың өздері тікелей жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады.
Талдау тиісті заңнамалық және ұйымдық-басқару қызметіндегі әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, олар персоналды басқару мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету, қаржылық-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алу және т.б.
Ауданның мемлекеттік органдарының қызметінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыныстар fedorovka@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.