ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 1 маусым күні екі сайлау округ бойынша Федоров ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Қостанай облысы Федоров ауданы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Вишневый сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 515 сайлаушы енгізілді, олардың 346 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойылған – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Андреев А.В. – 279; Сложеникина О.Ю. – 30; Шашков А.Г. – 32.
Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің әкімі болып сайланған Андреев Александр Валерьевич, 1977 жылы туған, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің әкімі, Белояровка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.
Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Пешков сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1975 сайлаушы енгізілді, олардың 1291 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойылған – 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Копейко Е.Н. – 178; Недбайло О.Г. – 212; Полищук И.Г. – 882.
Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің әкімі болып сайланған Полищук Ирина Геннадьевна, 1990 жылы туған, «Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Пешков ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.
Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы