- Осы "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;