«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
- Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Федоровского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде – «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі, жексенбі күндерінен басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.
- «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.