«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы
«Федоров ауданы Косарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 09 қыркүйектегі № 26-ө өкімінің негізінде 2020 жылғы 10 қыркүйек және 30 қазан аралығында Қосарал ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылғы 30 маусым және 31 қазан аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды
Бұдан бұрын ауылдық округі әкімінің аппаратында ішкі талдау 2017 жылы өткізілді, талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыс кезеңі қамтылды.
Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары.
Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің белгілері функциялар анықталған жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 3 бас маман).
Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жинақталған болды, бос орындар жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына және еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданатын кезең бойы қызметкерлеріне сыйақы берілген жоқ.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппараты 15 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру»;
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».
2020 жылдың өткен кезеңінде 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді: оның ішінде қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 0;
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау» Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы - 21.
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттандырылу деңгейін арттыру. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуге өткізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша:
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды – 0
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар саны – 0
белгіленген мерзімдерді бұзып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.
Қызметтер көрсетудің тәртібі туралы тұрғындарға ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделіп, онда ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Стандарттары, сенім телефоны, ауылдық округ әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі көрсетілген.
Талданатын кезеңде тексерістер жүргізілген жоқ.
Талданатын кезеңде актілер түспеді.
Шағымдану-талаптану қызметі
Талданатын кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты сот отырысында қатысқан жоқ.
Талнатын кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 11. Өтініштерде берілген негізгі мәселелер шағын кредит алу, тұрғындарды жұмыспен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша ақпаратты беру болды.
Өтініштерді қараудың нәтижелері: түсіндірілді – 11.
Ауылдық округ әкіміне жеке қабылдауға 11 өтініш келіп түсті, оларға жеке қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді.
Талданатын кезеңде шағымдар келіп түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округ әкімі апаратының қызметкерлеріне қатысты теріс мақалалар фактілері болған жоқ.
«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде құқықтық коллизиялар анықталды.
1) Стандарт және ҚР Жер кодексі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі әр түрлі. Стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 30 жұмыс күн, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын құрастыру кезеңі кірмейді. ҚР Жер кодексінің 43-б. сәйкес өтінішті қараудың жалпы мерзімі екі айға дейін. Қызмет алушының өтініші аудандық жер комиссиясына беріледі және қарау мерзімі 1 айға дейін созылады, бұл кей кезде Стандарт бойынша көрсетілген мерзімдерде шешім қабылдауда қиындықтар туғызады. Одан әрі сол бабына сәйкес жер учаскесіне құқықты ұсыну туралы ауылдық округі әкімінің шешімі комиссияның оңқорытындысының және жер орналастыру жобасының негізінде қабылданады. Жер учаскесіне құқықты ұсыну туралы ауылдық округі әкімінің шешімі, тиісті уәкілетті органмен бекітілген жер орналастыру жобасының келіп түскен кезден жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Егер қызмет алушы жерге орналастыру жобасын 1 жыл немесе одан да көп уақыт жасатса, Жер кодексі бойынша қызмет беруші қызмет алушыға жер учаскесін беруден бас тартады, ал Стандарт бойынша жер учаскесін беруден бас тарту көзделмеген. ҚР Жер кодексінің 43-б. сәйкес жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды.
Талдау анықтамасын әзірлеген:
бас маман О.С. Рахимова
«02» қараша 2020 жыл
Қосарал ауылдық округінің әкімі А.Ж. Байкадамова
«02» қараша 2020 жыл