|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 13-Қосымша
|
|
"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты
|
|
|
1
|
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
|
Нұрсұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
|
2
|
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
|
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың,ауылдық округтердің әкімдері; 3) портал арқылы.
|
|
|
3
|
Қызмет көрсету мерзімі
|
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бір ай өткенге дейін қысқартады не ұзартады, өтініш берген күнінен бір айдан аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде; ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі; азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
|
Электрондық/ қағаз түрінде.
|
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
|
1) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш беру кезінде некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.
|
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
1) неке қиюды тіркеу үшін-1 (бір) АЕК; 2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін-0,5 АЕК. Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.
|
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.; Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
|
8
|
Қажетті құжаттар
|
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша: - некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар); - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады; - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады; - Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады. Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат. Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар. Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады: 1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш; 2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 3) неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі; 4) заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер. Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі. ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады. Порталға: Көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге отыратын екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш. Екінші және одан кейінгі некелерді (ерлі-зайыптылықты) тіркеу кезінде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер ұсынылады. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі): 1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету; 4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Өтініш берілген жағдайда: 1) бір жыныстағы адамдар; 2) ең болмағанда біреуі басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса; 3) жақын туыстары арасында; 4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар, бала асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында; 5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар; 6) өкіл арқылы; 7) көрінеу жалған мәліметтер беру фактісі анықталған жағдайда; 8) егер тіркеуші органның неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелері болса); 9) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
|
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 14-қосымша
|
|
|
Нысан
|
| |
|
|
|
|
Өтініш 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды
№ _____ журналда тіркелді.
Некеге отыруды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу
20___ жылғы "___" ____________ тағайындалды.
Лауазымды тұлғаның қолы _______________________
Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы Өтініш
|
|
|
Азамат
|
Азаматша
|
|
1.
|
Аты
|
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
|
|
|
|
3.
|
Тегі
|
|
|
|
4.
|
Туған күні, жасы
|
"___" ______ жылы ___ жасқа толды
|
"___" _____ жылы ___ жасқа толды
|
|
5.
|
Азаматтық
|
|
|
|
6.
|
Туылған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)
|
|
|
|
7.
|
Ұлты
|
|
|
|
8.
|
Білімі
|
|
|
|
9.
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді
|
|
|
|
10.
|
Отбасылық жағдайы: некеде отырған, жесір, ажырасқан
|
|
|
|
11.
|
Ортақ балалар туралы мәлімет
|
|
|
|
12.
|
Тұрақты мекенжайы
|
|
|
|
13.
|
Қай жылдан
|
|
|
|
14.
|
Нешінші некеге отыруы
|
|
|
|
15.
|
Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кіммен берілді)
|
|
|
|
16
|
ЖСН (бар болса)
|
|
|
Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер жоқ.
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркегеннен кейін тегін алуды қалаймз және бір ай ішінде
жеке басын куәландыратын құжаттарды (тегін өзгертуді қалайтын адамдар үшін)
ауыстыру қажеттігі туралы хабардармыз.
жұбайы _____________________________________________________________
жұбайы _____________________________________________________________
Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары мен тәртібімен таныстық.
Болашақ ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді салтанатты/салтанатты емес жағдайда өткізуді сұраймыз. (қажеттісінің астын сызу)
Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың қолы:
Жұбайы ______________________________
(қолы және некеге дейінгі тегі)
Зайыбы _____________________________
(қолы және некеге дейінгі тегі)
Өтініш беру күні "___" __________20___жыл
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)
журнал бойынша № _______
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы) – ЖАО үшін
"____" ________20__ некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтініш қарауға
қабылданды
Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру қағидасына
|
|
|
15-қосымша
|
|
|
Нысан
|
|
|
Бекітілген Тіркеуші органның лауазымды тұлғас __________________________ (тіркеуші орган атауы) 20 __ жылғы "__" __________
|
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету не бас тарту туралы Қорытынды
________________________________________________________ тіркеуші орган
(аудан (қала), облыс атауы)
азамат(ша) ___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
_____________________________________________________________________
(туған күні)
неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішін қарастырып ___
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
_____________________________________________________________________
(туған күні)
Неке жасын __________________________________________ төмендету туралы
(төмендету жасы)
белгіленген неке жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп бойынша: _________
_____________________________________________________________________
және некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімін ________
_____________________________________________________________________
және өтінішке қосылып берілген құжаттарды ескере: _______________________
_____________________________________________________________________
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 10-бабына сәйкес
Ұйғардым:
Өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыру және неке (ерлі-зайыптылық) жасын
төмендету мүмкін:
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Тіркеуші орган лауазымды тұлғасы
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)
20____жылғы "____"_______________
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 16-қосымша
|
|
|
Нысан
|
|
|
____________________________ (тіркеуші орган атауы) ____________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) мекен-жайы: ____________________________ Тел. № _______________________ № жеке басын куәландыратын құжат ________________________ ____________________________ (нөмірі, кіммен, қашан берілген) ЖСН_______________________ ____________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) мекен-жайы: ____________________________ Тел. № _______________________ № жеке басын куәландыратын құжат ________________________ ____________________________ (нөмірі, кіммен, қашан берілген) ЖСН_______________________
|
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш
Қызымның/ұлымның неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуіңізді сұраймыз
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
_____________________________________________________________________
(туған күні)
белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп
бойынша: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________ азаматпен некеге отыру үшін.
(туған күні)
Келесі құжаттарды қоса бердік:
_____________________________________________________________________
Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Некеге (ерлі-зайыптылық) отырушылардың келісімі:
_______________________ _____________________
(қолы) (қолы)
Мен (біз) неке жасына жетпеген некеге (ерлі-зайыптылық) отырушы тұлғалардың
заңды өкілдері, некені (ерлі-зайыптылық) тіркеуге өз келісімімізді береміз.
Заңды өкілдердің (қамқоршылардың) қолдары:
_________________________ _________________________
"___" __________20___жыл "___" __________20___жыл
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)
журнал бойынша № _______
--------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы) – ЖАО үшін
"____" ________20__ неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)