Федоров ауданының Вишневый, Пешков ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен әкімдікке кандидаттар болып тіркелгендер:

Вишневый ауылдық округі бойынша:

Андреев Александр Валерьевич – 1977 жылы туған, «Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нде әкім болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Белояровка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Сложеникина Ольга Юрьевна - 1977 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Шашков Александр Георгиевич - 1970 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Пешков ауылдық округі бойынша:

Копейко Елена Николаевна - 1970 жылы туған, «Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істейді,  Федоров ауданы Чистый Чандак ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Недбайло Ольга Григорьевна – 1984 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Полищук Ирина Геннадьевна - 1990 жылы туған, «Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істейді, Федоров ауданы Пешков ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

.

 

Федоров  ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  төрайымы                                        Т. Волоткевич

Федоров ауданының Вишневый, Пешков ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
11 мая 2025