«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер:

1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ. Заңдымекенжайы: 111900, ҚазақстанРеспубликасы, Қостанайоблысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.

Е-маil: gu.onucx.fed@gmail.com.

Телефоны (факс): 8 (71442)21-8-66.

Бөлім басшысы – Мырзахметов Адиль Маратович.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;

- «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

- «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

          «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1.

          «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3.

1 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, 3 мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.                

          3) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» және «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

             2024 жылы бөліммен 1973 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тікелей мемлекеттік органның өзінде 1927 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 97,7% және 2023 жылдың деңгейімен салыстырғанда 94,6% құрайды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде 1927 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс;

1)Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында және «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ стендінде, сондай-ақ осы ақпарат ақпараттық стендте орналастырылған.

2) Федоров ауданы әкімінің аппаратында әр тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған семинарлар өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) «Федоров ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері болып табылады:

-  көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу немесе оларды электрондық нысанға ауыстыру үшін ұсынылатын қағаз құжаттардың саны айтарлықтай қысқардынемесе оларды электрондық нысанға ауыстыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың лауазымды тұлғалармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимылы;

        2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауапты мамандар қажеттілігіне қарай Қостанай қаласындағы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на оқуға жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1)  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады.

3) 2019 жылдың кезеңінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша тексеру жүргізілді.

4) Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру:

- Мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарына қызметкерлерді жіберуді қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу.

- ««Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі» нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз ету жоспар 97%, ал «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі» жоспар 3 %.

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
28 апреля 2025