Федоров ауданының 2025 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 1112,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 152,6 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 708,0 млн. теңге жоспар бойынша, 815,5 млн. теңге сомасына немесе 115,5 % атқарылды, жоспардан тыс 107,5 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 958,6 млн. теңге жоспар бойынша, 811,4 млн. теңгеге немесе 84,6 % атқарылды.
2025 жылғы 1 сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 113,4 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 970,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жыл деңгейінен 316,2 млн. теңгеге төмен. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 1 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 104,5 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2738,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылғы деңгейден 79,4 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 827,7 тонна немесе 2024 жылдың деңгейіне 103,5 %, сүт 7412,3 тонна немесе 107,7 %, жұмыртқа 190 мың дана немесе 70,7 % өндірілді.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ІҚМ саны 561 басқа көбейді және 23,9 мың басты немесе 2024 жылдың деңгейіне 102,4 %, оның ішінде сиыр басы 91 басқа көбейді және 2024 жылдың деңгейіне 100,8 % құрайды. Жылқы басы 4,3 % көбейді және 4,9 мың басты құрайды, шошқа басы 392 басқа немесе 5,2 % азайды және 7,1 мың басты құрайды.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 3100,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 2733,0 млн. теңгеге көбірек. НКИ 833,5 % құрайды.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 1148,9 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 101,5 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,0 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 104,3 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 0,8 % құрайды. Ауданға 954,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2024 жылдан 72,0 млн. теңгеге көбірек (2024 жылы-882,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 159,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 148,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 551,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 96,0 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 271 шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 32,0 шаршы метрге артық. НКИ 113,4 % құрады.
2025 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі 661,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдан 375,0 млн. теңгеге көбірек. НКИ 226,0 % құрады.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың қазанр-желтоқсан аралығында орташа айлық жалақы 259 039 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34 370 теңгеге немесе 15,3 % көбірек.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко