«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2024 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы
есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі - Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Федоров ауылдық округі әкімінің аппаратында идара жоқ, өз қызметің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады. 3. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Федоров ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады. 7. Федоров ауылдық округі әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Ереже Федоров ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Федоров ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады. 12. Федоров ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік қызметтердің сапасы |
14 |
|
Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
14 – тегін; 0– ақылы; 0 –тегін/ақылы |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанында мемлекеттік қызмет саны |
14– электрондық/ қағаз, 0 – қағаз |
|
|
Мемлекеттік қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны |
1 – стандарт, 14 - қағидалар |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсетілді - 64, (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 66). Оның ішінде ауылдық округ әкімінің аппараты арқылы–64, (2023 жылдың ұқсас кезеңінде - 66) көрсетілді; оның ішінде: - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 49, (2023 жылғы ұқсас кезеңде – 58) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 13, (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 8); «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 2, (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 0); |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың түрлі қол жетімділікті қамтамассыз ету мақсатында, Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округі әкім аппараттармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер» қосымша бетте, «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттар, қызмет берушінің байланыс телефондар, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, жауапты тұлғалар мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған. Әкім аппаратының ғимаратында нормативті-құқықтық актілермен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық мәліметтермен стендтер ресімделген, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лаузымды тұлғалар анықталған. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді |
|
|
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
2024 жылы әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 26 түсіндіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде жиындар -16, Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс–шараларымен қамту-512 адам.
|
|
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысын мүлдесі бойынша әрекет.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ мамандар аудандық семинарларға қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны-0. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан ауылдық округ әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін ішкі тексерудің нәтижелері |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылауды жүргізген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағатын көтеру және онан әрі тиімділігінің келешегі. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру болып табылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып жалғастырылатын болады. |
||