2024 жылғы 12 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер
|
||
|
1)Қызмет беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі - дене шынықтыру және спорт бөлімі) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Федоров ауданының әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы болып табылады. 4. Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Дене шынықтыру және спорт бөлімі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11. Ереже дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Дене шынықтыру және спорт бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
2023 ж. -48 2024 ж. - 67 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
67 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
67 – тегін; 0 – ақылы; 0 – ақылы/тегін |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
0– электрондық/қағаз, 67 – қағаз
|
|
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерстандарттары және регламенттері |
2 – стандарт |
|
|
3) Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2023 жылдың 12 айында бөліммен спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша 48 мемлекеттік қызмет көрсетілді. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер орналастырылғын, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттары, Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарының байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдар орналастырылған стендтер ресімделген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тазалығынқамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинары, кездесулер, интервьюлер және басқалар) |
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылғы 03 шілде «Федоровские новости» газетінде «Мемлекеттік қызмет» тақырыбында мақала жарияланды, газеттің таралымы 2000 дана. |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыружәне автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы білім беру сабақтары жүргізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау семинарларына қатысады. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау . |
||
|
1)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер мәселелері бойынша қызмет алушының арыздары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
|
|
|
3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалаудың нәтижелері |
|
|
|
4)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қоғамдықмониторингтің нәтижелері |
|
|
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттандығын арттыру және әрі қарай тиімділігінің келешегі
|
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына толығымен бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||