«Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Федоров аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Федоров ауданы мәслихаты шешімінің жобасы (бұдан әрі- шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осылайша, Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту үшін шешім жобасын қабылдау қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Федоров ауданы әкімдігінің сайтында 2025 жылғы 1 сәуір орналастырылды.