"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі.

 

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қарабалық ААИ) Федоров селосы, Пушкина көшесі 56 мекенжайында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебінде 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

 

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2.1 аумақтық бөлімшелермен 4 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру",

- "Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге карантиндік сертификат беру",

- "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу",

- "Карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерінің өміршеңдігінен айыруды және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруды және таңбалауды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру".

2.2 "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мүмкіндігі "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" бір мемлекеттік қызметінде бар. Алайда, есепті жылы Мемлекеттік корпорацияға фитосанитариялық сертификат алуға өтініш түскен жоқ.

2.3 Барлық 4 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2.4 Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз нысанда 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі ("карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру", "Карантиндік арамшөпті өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдігінен айыруды және (немесе) зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру және ағаш қаптама материалын таңбалау"), электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда – 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ("Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге карантиндік сертификат беру", "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу".

2.5 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау жөніндегі қағидалармен бекітілген (8, 12, 16, 19-қосымшалар).

2024 жылы барлығы 836 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (1479) мемлекеттік қызметтердің 643 немесе 56,5% - ға кем, оның ішінде 836 (1479-2023 жылы) барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылардың "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінуі аврқылы жолымен көрсетілген www.egov.kz, көрсетілетін қызметті алушылардың тікелей өтініші арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште өтініш түскен жоқ.

Есепті кезеңде фитосанитариялық сертификат беру бойынша 724 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (1154) 430-ға (62,7%), карантиндік сертификат беру бойынша 112-ге аз мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл алдынгы есепті жылмен (325) салыстырғанда 34,4%-ға (213) артық.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушылардан есепті жылы "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" және "Карантиндік арамшөпті өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінен өміршеңдігінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алуға өтініштер түскен жоқ.

 

 

 

 

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" (73%),

- "Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге карантиндік сертификат беру" (27%).

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету орындарында тиісті ақпараты бар стендтер бар, газеттерде, әлеуметтік желілерде, әкімдіктердің интернет-ресурстарында жариялау, дөңгелек үстелдер мен кеңестер өткізу арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

Портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"жабдықталған.

Сондай-ақ, кесте бойынша инспекция басшылары азаматтарды қабылдайды.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

ОМО құзыретіне жатады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарда 1 жарияланымдар, 1 кеңестер/дөңгелек үстелдер (5 адам).

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөгде түрлерден қорғау жөніндегі Қағидаларға өзгерістер енгізілді:

Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау кезінде қорғау (өсімдіктердің ішкі карантині) 2-тарауының 5-параграфы алынып тасталды (бұрын мемлекетішілік тасымалдау осы параграфпен регламенттенген) (01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.)

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізілмеді.

Біліктілікті арттыру жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің уәкілетті органында жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

27.02.2024 жылы Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 20.02.2024 жылғы № 22-н бұйрығына сәйкес бақылау іс-шарасы түрінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді.

Жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжатар, оның ішінде: карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар беру, ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуді келісу, карантиндік арамшөпті өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінен өміршендігінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерге есептік нөмір беру, және зарарсыздандыру және ағаш орау материалын таңбалау.

Белгіленген мерзімдерінен асып кетудің ішкі мониторингінің қорытындысы  мемлекеттік қызметтер көрсету белгіленбеген:

- Фитосанитарлық сертификат беру және оны беруден бас тарту заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады (2 жұмыс күнінен аспайды);

- Карантиндік сертификат беру және оны беруден бас тарту заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады (8 жұмыс сағаттан аспайды). Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттар толық көлемде қол жетімді.

2024 жылы жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетдің сапасы мен уақытылығы, халық арасында құқықтық жалпыға бірдей оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты орналастыру қажеттілігі бойынша ұсынымдар берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ҚР заңнмасын катаң басшылыққа алу қажет.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін талдау үшін ҚР АШМ АӨК МИК Федоров ААИ көрсеткен мемлекеттік қызметтер қамтылмаған.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында халықты мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

 

 

 

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі.
Дата публикации
31 марта 2025