білім бөлімі

2019 жылдың 12 айына

мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

қызметі туралы есебі.

 

1.Жалпы ережелер.

1.Қызмет алушы туралы ақпарат

     1.«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі(мәтін бойынша келесіде-білім бөлімі) Қазақстан Республикасының  білім беру сферасында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ ведомстволары бар, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

      3. Федоров ауданының әкімдігі білім бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

     4. Білім бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

   6. Білім бөлімі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    7. Білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    8. Штат санының құрылымы мен лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

     9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Набережная көшесі, 65.

     10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі"мемлекеттік мекемесі.

     11. Ереже Білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

     12. Білім бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен білім бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2)мемлекеттік қызмет  туралы ақпарат

мемлекеттік қызметтің саны

22

«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің саны  

8

Тегін және (немесе) ақылы мемлекеттік қызмет көрсетудің саны  

22 – тегін

0 – ақылы

0-ақылы/тегін

Қағаз және (немесе) электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің саны  

8 – электронды

3 – эдектронды/қағазбен

11 – қағазбен

мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламентерінің саны

22 – стардарттар,

22 – регламенттер

3) ең көп талап ететін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

2019 жылдың 12 айында Білім бөлімімен 3014 қызмет көрсетілді, оның ішінде ЖАО (жергілікті атқарушы орган) арқылы – 1580, ХҚКО арқылы – 181, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы – 1253. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" - 851, "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" - 400. "Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" - 566,             "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну " - 430.

2018 жылдың 12 айында білім бөлімімен 3712 қызмет көрсетілді, оның ішінде ЖАО (жергілікті атқарушы орган) арқылы – 3020, ХҚКО арқылы – 158, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы – 534. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, 2019 жылы 698 қызмет аз көрсетілген. ЖАО арқылы 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1440-қа кем, ХҚКО арқылы 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 23 қызметке артық, ЭҮП арқылы 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 719-ға артық.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1)мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділік орындары мен қайнар көздері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметке тұрғындардың тең қолжетімділігі үшін заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін  Федоров ауданы әкімдігінің ресми ғаламтор ресурсындағы «Мемлекетік қызмет көрсету» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының сілтемесі, Федоров ауданы әкімдігінің мекемелерімен көрсетілетін мемлекетік қызмет көрсетудің тізімі, стандарты, регламенті, мемлекеттік орган-қызмет көрсетуші әкімдіктің байланыс телефондары  жарияланған, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алуға болады.

2019 жылғы 14 ақпандағы № 7, 2019 жылғы 30 мамырдағы № 22, 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 38, 2019 жылғы 07 қарашадағы № 45, 2019 жылғы 28 қарашадағы № 48 "Федоровские новости" газетіндегі мақалалар.

Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер безендірілді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды.қызмет көрсетуге жауапты  тұлғалар анықталған.

2)мемлекеттік қызмет көрсетудің жобаларының стандарттары  қоғамдық талқылаулары туралы ақпарат

Қазақстан  Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 11-бабына сай мемлекеттік қызмет көрсетудің жобаларының стандарттары қоғамдық талқылауларын өткізу облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың,астаналар, аудандар,облыстық мәні бар қалалар, аудан әкімдерінің қалаларда,аудандық мәні бар қалаларда,ауылдар, селолық округтерде  жергілікті орындаушы органдарының құзіретіне жатпайды.

3)мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюжәне т.б.)

2019 жыл бойы  сапалы қызмет көрсетуге қатысты білім бөлімінде басшының қатысуымен өткен 2 кеңес өткізілді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін мүлтіксіздеу бойынша қызмет.

1)мемлекеттік қызмет үрдісін  автоматизациясы мен оңтайландырудың нәтижелері

Мемлекеттік қызмет үрдісін  автоматизациясы мен оңтайландырудың нәтижелері сапалы қызмет көрсетуге көмектеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі онайландаы, мерзімдер қысқартылады, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлер қысқартылады.

2)мемлекеттік қызмет көрсетуде  қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпыбірдей оқыту оқулары өткізіледі, оқуда актуалды тақырыптар қарастырылады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталығының біріккен ақпараттық  жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.

Білім бөліміндегі мамандары мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің «Аймақтық қайта даярлау орталығы мен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру» КМҚӨ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Жоспар кестесі негізінде жүзеге асырылады.

4.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

1)мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы  ақпарат

Есептік кезеңде білім бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымдары түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылауының нәтижелері

2019 жылда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі мемлекеттік бақылауының бекітілген іс-шаралар жоспарына сай Федоров ауданы аппаратының құрылымдық бөлімімен 2019жылда білім бөлімінде жопарланған 2019 жылы 30 қазанда  1 ішкі бақылау шарасы өткізілді.

Бақылау шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

3)мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау мен бағалау бойынша уәкілетті органның өткізген мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауының нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау мен бағалау бойынша уәкілетті органы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды 2018 жылы өткізген жоқ.

4)мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі мемлекеттік мекемелерде-қызмет көрсетушібілім  бөлімінде жәневедомстволық мекемелерде өткізілген жоқ.

5.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасындағы қызмет алушыларды қанағаттандыруды арттыру мен тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың негізгі бағыттарының бірі-олардың автомизациясы мен Мемлекеттік корпорацияға ауысуы. Жалпы,  Мемлекеттік корпорация мен «электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет санының өсуі бойынша оң тенденция байқалып жатыр. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған  жұмыс халықтың сұранысына  сай одан әрі жалғастырылады

       

 

білім бөлімі
Дата публикации
27 октября 2020