Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бекітілген азаматтық бюджеті

Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған

бекітілген азаматтық бюджеті

 

          Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.

         Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.

         Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 шешімімен бекітілді.

  1. «Бюджетті жоспарлау»

          Орта мерзімді кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін және аудан бюджетінің жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады.

1.1 «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»

 

№

Көрсеткіштер атауы

2024 жыл факт

2025 жыл болжам

2026 жыл болжам

2027 жыл болжам

1

Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

56772,5

59611,1

62591,6

65721,2

2

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

4179,5

4388,5

4607,9

4838,2

3

Халық саны, мың адам

23,2

23,6

23,8

24,0

4

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,6

4,6

4,6

4,6

5

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге

3692,0

3932,0

4207,0

4501,0

6

Ең төменгі жалақы, теңге

85000,0

85000,0

85000,0

85000,0

7

Орта айлық номиналдық жалақы, теңге

251657,0

264239,0

277450,0

291322

Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бекітілген азаматтық бюджеті
Дата публикации
26 февраля 2025