Құрметті сайлаушылар

Құрметті сайлаушылар!

 

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне қосуға негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Сіз сайлау күні дауыс бересіз.

Сіз сайлаушылар тізіміне қосуға және одан шығаруға, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық мәселелер бойынша Call орталықтың 8 (714-42) 21-4-43, 2-25-28 телефон нөміріне немесе Федоров ауылы Жастар көшесі 53, аудан әкімдігінің ғимараты, 1 қабат № 13 кабинет мекенжайына хабарласа аласыз.

Сall-орталығының жұмыс тәртібі: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс (дүйсенбі-жұма) күндері. 

Құрметті сайлаушылар
Дата публикации
23 октября 2020