Федоров ауданының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 8757,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 5780,5 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 2811,2 млн. теңге жоспар бойынша, 2836 млн. теңге сомасына немесе 100,9 % атқарылды, жоспардан тыс 24,8 млн. теңге түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 9201,1 млн. теңге жоспар бойынша, 9092,3 млн. теңгеге немесе 98,8 % атқарылды. Орындалмау 108,8 млн. теңгені құрады.
2024 жылға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 98,6 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4179,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жыл деңгейінен 523,6 млн. теңгеге артық. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 1 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 121,6 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 56772,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден 685,3 млн. теңгеге артық. Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 2830,2 тонна немесе 2023 жылдың деңгейіне 98,2 %, сүт 32007,4 тонна немесе 117,9 %, жұмыртқа 2376,9 мың дана немесе 105,6 % өндірілді.
2025 жылғы 1 ақаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ саны 645 басқа көбейді және 23,5 мың басты немесе 2023 жылдың деңгейіне 102,8 %, оның ішінде сиыр басы 232 басқа азайды және 2023 жылдың деңгейіне 97,9 % құрайды. Жылқы басы 5,6 % көбейді және 4,8 мың басты құрайды, шошқа басы 167 басқа немесе 2,7 % азайды және 6,0 мың басты құрайды.
2024 жылғы көтерме тауар айналымының көлемі 4276,9 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдан 1436,1 млн. теңгеге көбірек. НКИ 152,1 % құрайды.
2024 жылғы бөлшектік тауар айналымының қөлемі 5368 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдан 408,7 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,5 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 132,6 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,1 % құрайды. Ауданға 13459,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2023 жылдан 3440,9 млн. теңгеге көбірек (2023 жылы - 10018,1 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 1538,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 3735,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2872,0 млн. теңге, банктің кредиттері және басқа да қарыз қаражаты есебінен 5314,0 млн. теңге салынды.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2025 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үйлерді пайдалануға беру 4450,0 шаршы метрді құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 25,0 шаршы метрге артық. НКИ 100,6 % құрады.
2024 жылы құрылыс жұмыстары 7175,0 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 545,9 млн.теңгеге төмен. НКИ 90,4 % құрады.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі орташа айлық жалақы 251657 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27471 теңгеге немесе 12,3 % артық.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко