Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған
бекітілген азаматтық бюджеті
Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.
Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2024-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 147 шешімімен бекітілді.
Орта мерзімді кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін және аудан бюджетінің жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
|
№ |
Көрсеткіштер атауы |
2023 жыл факт |
2024 жыл болжам |
2025 жыл болжам |
2026жыл болжам |
|
1 |
Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
56087,2 |
58891,6 |
61836,1 |
64927,9 |
|
2 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
3655,9 |
3838,7 |
4030,6 |
4232,2 |
|
3 |
Халық саны, мың адам |
24,0 |
24,6 |
24,9 |
24,8 |
|
4 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
|
5 |
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
3450,0 |
3692,0 |
3950,0 |
4227,0 |
|
6 |
Ең төменгі жалақы, теңге |
70000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
|
7 |
Орта айлық номиналдық жалақы, теңге |
224186,0 |
235395,0 |
247165,0 |
259523,0 |
Бюджет көлемі
1.2 «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары»
мың теңге
|
Атауы
|
2023 жыл факт |
2024 жыл бағалау |
2025 жыл болжам |
2026 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
ТҮСІМДЕР – барлығы |
8741836,2 |
8709252,2 |
5793754,5 |
4080309,0 |
|
Жеке кірістер, оның ішінде: |
2723240,0 |
2723752,2 |
2838222,0 |
3009528,0 |
|
Салықтық түсімдер |
2625581,8 |
2641437,0 |
2759045,0 |
2930356,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
77328,4 |
71083,2 |
59893,0 |
59888,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
20329,8 |
11232,0 |
19284,0 |
19284,0 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
6018596,2 |
5985500,0 |
2955532,5 |
1070781,0 |
|
Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетін трансферттер |
5,1 |
2,2 |
7556,0 |
13071,0 |
|
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
6018591,1 |
5985497,8 |
2947976,5 |
1057710,0 |
|
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер |
4446658,8 |
5985497,8 |
2947976,5 |
1057710,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
1931115,3 |
4142112,6 |
357784,8 |
28805,0 |
|
Нысаналы даму трансферттері |
2156267,5 |
1784109,2 |
2530915,7 |
979629,0 |
|
Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер |
359276,0 |
59276,0 |
59276,0 |
59276,0 |
|
Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер |
1571932,3 |
|
|
|
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
1128953,1 |
|
|
|
|
Субвенциялар |
415648,0 |
|
|
|
|
Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер |
27331,2 |
|
|
|
2024 жылы бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы
2024 жылға арналған бюджетке салықтық емес түсімдердің құрылымы
Аудан бюджетінің шығыстары
|
Атауы |
2023 жыл факт |
2024 жыл бағалау |
2025 жыл болжам |
2026жыл болжам |
|
ШЫҒЫНДАР - барлығы, оның ішінде: |
9274440,8 |
8778191,2 |
5793754,5 |
4095309,0 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
2019710,6 |
1889102,1 |
396088,0 |
403948,0 |
|
Қорғаныс |
9552,3 |
7054,0 |
5668,0 |
6064,0 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
273345,0 |
270435,0 |
213244,0 |
220777,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2882797,3 |
1392131,3 |
2164509,7 |
1048105,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
778409,6 |
568901,3 |
575852,0 |
582456,0 |
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану |
2820,0 |
5899,6 |
0,0 |
0,0 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
42637,7 |
50328,3 |
59058,0 |
61572,0 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
81936,2 |
106996,6 |
38370,0 |
39897,0 |
|
Көлік және коммуникация |
1284969,9 |
2785126,1 |
466735,8 |
138218,0 |
|
Басқалар |
842837,5 |
410727,6 |
468200,0 |
35500,0 |
|
Қарызға қызмет көрсету |
86646,6 |
61053,0 |
65481 |
59307,0 |
|
Трансферттер |
968778,1 |
1230436,3 |
1340548,0 |
1484465,0 |
|
|
|
|
|
|
|
Бюджеттік кредиттер |
43798,0 |
116298,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджеттің тапшылығы (профициті) |
-534253,3 |
-170716,0 |
265923,0 |
42298,0 |
|
Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
534253,3 |
170716,0 |
-265923,0 |
-42298,0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
42149,2 |
46021,0 |
265923,0 |
42298,0 |
2024 жылы аудан бюджетінің қаражаттарын жұмсаудың
негізгі бағыттары
2024 жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттер
мың теңге
|
-Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (№ 2 байластыру). Сметалық құжаттаманы түзету. |
188048,9 |
|
- Федоров ауданы Копыченка ауылында биіктігі 24 метр байланыс тірегін салу |
19632,8 |
|
- Федоров ауданы Қарақопа ауылында биіктігі 24 метр байланыс тірегін салу |
18190,7 |
|
- Федоров ауданы Камышный Чандак ауылында биіктігі 24 метр байланыс тірегін салу |
1108,0 |
|
- Аудандық маңызы бар КР-FD-1 «Федоров-Новошумное-Кеңарал» 21-40 км автомобиль жолын орташа жөндеу |
745564,3 |
|
- Аудандық маңызы бар КР-FD-20 «Придорожное ауылына кірме жолы» 0-0, 85 км автомобиль жолын орташа жөндеу |
53634,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданының 3 ауылында ауыз су таратуға арналған блоктық-модульдік пункттер орнату |
31500,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылында көпфункционалды жабық спорт алаңын салу (Түзету) |
405208,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданы Кеңарал ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке инженерлік желілер салу (ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту) |
39541,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданы Александрополь ауылында су құбырының тарату желілерін салу |
96795,0 |
|
-Қостанай облысы Федоров ауданы Кравцово ауылында су құбырының тарату желілерін салу |
114022,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумное ауылында су құбырының құрылысы |
816667,0 |
|
- Қостанай облысы Федоров ауданы Лесное ауылы мен Березовка ауылында су құбырының құрылысы. |
33333,3 |
|
- Федоров ауданы, «Жыланды-Кеңарал» KP-FD-10 аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы 0,9; 2,64 м су өткізгіш құбырларын орташа жөндеу; |
20531,5 |
|
- «Камышное ауылы – Чистый Чандақ ауылы» 3 км аудандық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу |
58143,0 |
|
- «Малороссийка - Дубравка» 28 км аудандық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу |
226800,0 |
|
- «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалымен жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу |
26429,0 |
|
- Федоров ауданы «Александрополь ауылына кіреберіс» 0,-2,0 км аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу. |
148706,9 |
| - Федоров ауданы «Целинное ауылана кіреберіс жолы» 0-0,3 км аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу |
13433,9 |
|
- «Рудный – Федоров - Малороссийка» 22, 26, 32, 36, 41, 05 км аудандық маңызы бар автомобиль жолының су өткізгіш құбырларын орташа жөндеу |
42556,1 |
|
- Федоров ауданы КР-FD-2 «Федоров - Ленин-Вишневое» 58, 3 – 69,1 км аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу |
225517,8 |
|
- Федоров ауданы Первомай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу |
4874,0 |
|
- «Рудный-Качар-Федоров» 51-53 автожолын қорғау үшін тасқын және жер асты суларының бұрма арнасын салу |
15188,5 |
|
- Федоров ауданы «Костряков ауылына кіреберіс» 0-7,0 км аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу |
506254,2 |
|
-Федоров ауданының KP-FD-9 "Костряковка-Грачевка" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 5,7 км, 8,7 км,9,4 км, 10,0 км, 10,3 км, 11,4 км су өткізу құбырларын орташа жөндеу |
58633,3 |
|
-Федоров ауданы, 16,87 км-дегі "Вишневое-балықты-Уйское-Белояровка" KP-FD-18 аудандық маңызы бар автомобиль жолының жасанды құрылыстарын орташа жөндеу |
23594,5 |
|
-Аудандық маңызы бар KP-FD-3 "Чистый Чандак-Шишинское 0-18 км"автомобиль жолын орташа жөндеу |
504199,6 |
2024 жылға арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі аудандық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты
мың теңге
|
-Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылында бассейн салу |
60000,0 |
|
- «Қостанай облысы Федоров ауданы Лысановка ауылын сумен жабдықтау» объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу |
2230,1 |
|
- «Қостанай облысы Федоров ауданы Владыкинка ауылында тарату желілерін салу» объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу |
2680,0 |
|
- «Қостанай облысы Федоров ауданы Жыланды ауылын сумен жабдықтау» объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу |
2680,0 |
|
- - Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру |
6347,9 |