Федоров ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Федоров ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін
аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 209
қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қарашада №
10320-10 болып тіркелді
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 6-тармағына сәйкес, Федоров529-бабы
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын
ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының сәйкесқосымшасына
бекітілсін.
2. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін
орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялауға жатады.

Федоров ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Дата публикации
10 декабря 2024