«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ақпарат
2024 жылдың өткен кезеңінде Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 13 бюджеттік кредит берілді, оның ішінде салалар бойынша:
- білім 7 адам;
- денсаулық сақтау 2 адам;
- мәдениет 1 адам;
- АӨК 3 адам.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес, бюджеттік кредит мамандарға 15 жыл мерзімге беріледі.