Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

                       ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

           Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабы 5-1-тармақшасына,            69 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына және «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2024 жылғы 09 тамыздағы № 98 бұйрығына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Костылев ЖАСКО-нан (жер асты сулары кен орны) Качар кентінде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы» объектісі үшін Қостанай облысы, Федоров ауданы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 55,3423 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                         Т. Исабаев

 

 

 

 

 

 

 

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
21 ноября 2024