Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 маусымда № 7113 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7232 нөмірімен тіркелген) Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
- Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі
|
Т. Исабаев
|
|
|
|
Әкімдіктің 2017 жылғы 22 мамыр № 185 қаулысына қосымша
|
| |
|
|
|
Федоров ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 3, 11 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 92 (тоқсан екі) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 5 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 13 (он үш) теңге 01 (бір) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 7, 15 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 43 (қырық үш) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 8, 16 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 02 (екі) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 9 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 19 (он тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 10 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 97 (тоқсан жеті) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 10 (он) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 70 үй, 4 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 39 (отыз тоғыз) теңге 47 (қырық жеті) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 15 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 89 (сексен тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Жастар көшесі, 26 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 111 (бір жүз он бір) теңге 27 (жиырма жеті) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Жастар көшесі, 28 үй, 3 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 109 (бір жүз тоғыз) теңге 19 (он тоғыз) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, А пәтері, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 56 (елу алты) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, Б, В пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 78 (жетпіс сегіз) тиын мөлшерінде.
- Федоровка ауылы, Карл Либкнехт көшесі, 20 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 05 (бес) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Мелехов көшесі, 67 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 26 (жиырма алты) теңге 79 (жетпіс тоғыз) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Фрунзе көшесі, 50 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 27 (жиырма жеті) теңге 66 (алпыс алты) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 11 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 98 (тоқсан сегіз) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 43 (қырық үш) теңге мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 56 (елу алты) теңге 70 (жетпіс) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 15 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 95 (тоқсан бес) тиын мөлшерінде.
- Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 16 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК