«Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

«Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа

материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»

Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                              Т. Исабаев

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

 

Федоров аудандық (аумақтық)

сайлау комиссиясы

«Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
07 ноября 2024