Федоров ауданының 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2024  жылғы  қаңтар-маусым айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары 

туралы  ақпарат

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  2922,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  1301,3 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  1236,3 млн. теңге жоспар бойынша,  1480,4  млн. теңге сомасына немесе 119,7 % атқарылды, жоспардан тыс  244,1  млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  2661,1 млн. теңге жоспар бойынша,  2660,4 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2024 жылғы 1  шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 129,3 % құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  2340,7 млн. теңгені құрайды, бұл      2023 жыл деңгейінен  415,5 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 2  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 109,1 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 6296,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден               3473,2 млн. теңгеге төмен. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  1642,9 тонна немесе 2023 жылдың  деңгейіне 92,4 %, сүт  17481,9 тонна немесе 121,5 %, жұмыртқа 723,8 мың дана немесе 107,5  %  өндірілді.

2024 жылғы 1  шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 466 басқа көбейді және 24,7 мың басты немесе 2023 жылдың  деңгейіне 101,9 %, оның ішінде сиыр басы 34 басқа көбейді және 2023 жылдың деңгейіне 100,3%  % құрайды. Жылқы басы 14,8 % азайды және 4,6 мың басты құрайды, шошқа басы 2269 басқа немесе 29,7 % азайды  және 5,3 мың басты құрайды.

2024 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 1023,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен  20,0 млн. теңгеге азырақ. НКИ 100,1  %  құрайды.

2024 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  2393,7 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен  211,9 млн. теңгеге көбірек. НКИ 103,6  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі          103 %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,1 % құрайды. Ауданға 4729,0  млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2023 жылдан  228,0 млн. теңгеге көбірек (2023 жылы-4501,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 976,0  млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  1806,0  млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 1046,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 901,0 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 347,0 шаршы метрді құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 1860,0 шаршы метрге кем.   НКИ 15,7 % құрады.

2024 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  900,0  млн. теңгені құрайды, бұл  2023 жылдан  782,0  млн. теңгеге төмен. НКИ 51,2 % құрады. 

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың                   қаңтар-наурыз аралығында орташа айлық жалақы 227544 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25059 теңгеге немесе 12,4 % көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданының 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
18 октября 2024