Федоров ауданының 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 5340,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 3086,9 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 1930,0 млн. теңге жоспар бойынша, 2112,0 млн. теңге сомасына немесе 109,4 % атқарылды, жоспардан тыс 182 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 5286,8 млн. теңге жоспар бойынша, 4984,1 млн. теңгеге немесе 94,3 % атқарылды.
2024 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 110,5 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 3339,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жыл деңгейінен 640,7 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 2 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 107,5 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 28326,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден 8858,1 млн. теңгеге төмен. Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 2379,6 тонна немесе 2023 жылдың деңгейіне 99,6 %, сүт 25536,9 тонна немесе 119,9 %, жұмыртқа 1762,9 мың дана немесе 110 % өндірілді.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ІҚМ саны 65 басқа көбейді және 23,2 мың басты немесе 2023 жылдың деңгейіне 100,3 %, оның ішінде сиыр басы 25 басқа азайды және 2023 жылдың деңгейіне 99,8% % құрайды. Жылқы басы 5,1 % азайды және 4,6 мың басты құрайды, шошқа басы 2809 басқа немесе 31,9 % азайды және 5,9 мың басты құрайды.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 367,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 38,2 млн. теңгеге көбірек. НКИ 114,6 % құрайды.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 2287,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 38,4 млн. теңгеге көбірек. НКИ 103,1 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 106,6 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,3 % құрайды. Ауданға 8605,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2023 жылдан 598,0 млн. теңгеге кем (2023 жылы-8007,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 1290,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 2548,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2057,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 2710,0 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2799,0 шаршы метрді құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 22,0 шаршы метрге кем. НКИ 100,8 % құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі 3583,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдан 2683,0 млн. теңгеге төмен. НКИ 55,4 % құрады.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында орташа айлық жалақы 241230 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20736 теңгеге немесе 9,4 % артық.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко