Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күні басталады және келесі айдың тиісті күнінде аяқталады. Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. Бір ай мерзім қысқартылмайды;
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды: жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімінің негізінде мемлекеттік тіркеу - қамауға алынған жұбайдың не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысының немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншының өтініші түскен күннен бастап бір апта мерзімде хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде-өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты
Дата публикации
11 февраля 2021