|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығына 1 қосымша
|
8-тарау. Азаматтық хал акт жазбаларын қалпына келтіру тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - жазбаларды қалпына келтіру туралы стандарт) келтірілген.
- Азаматтық хал актісінің жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
- Ұсынылған құжаттар мен тексеру нәтижелері негізінде тіркеуші орган осы Ережеге 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбасын қалпына келтіру туралы немесе одан бас тарту туралы қорытынды жасайды.
Қорытынды бір данада жасалады, елтаңбалы мөрмен және тіркеуші органның лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
- Азаматтық хал актісін тіркеу фактісі сот тәртібімен анықталған кезде тіркеуші орган сот шешімі негізінде қорытынды жасамай азаматтық хал акт жазбасын тіркеуді жүргізеді.
- Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру туралы жазба (туудан басқа) ағымдағы тіркеу кітабында, ал қалпына келтірілген туу туралы жазбаны тіркеу қалпына келтірілген туу туралы актілерді тіркеу кітабында жүргізіледі.
- Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтінішті шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган жүргізеді.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру Кодекске сәйкес жүргізіледі.
119.Тарихи отанына қайтып оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттамалық растау (акт жазбасының жоқтығы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды келуі туралы растауы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі.
- Тарихи отанына оралған Қазақстан Республикасы азаматтарының ата-аналары, сондай-ақ отбасы мүшелері туралы растайтын ақпаратты тіркеуші органдардың сұрау салуы бойынша ішкі істер органдары береді.
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 27-Қосымша
|
|
"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
|
1
|
Қызмет берушінің атауы
|
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)
|
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
|
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4) портал арқылы жүзеге асырылады.
|
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі
|
Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні; азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлай отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің берілген күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны
|
Электронды/қағаз түрінде
|
|
|
5
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі
|
1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.
|
|
|
6
|
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері
|
Қалпына келтіру тегін жүргізіледі; азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін-0,5 АЕК. Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiктер берілгенi үшiн.
|
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады; 3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) Қағидаларға 28, 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш); 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) көрсетілетін қызметті алушының деректері және оның жақын туыстары (ата-аналары, балалары, аға-інілері мен апа-қарындастары)туралы толық көрсетілген өмірбаян; 4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болып табылса - туған күні мен жері көрсетілген оқу орнынан анықтама (бар болса); 5) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болып табылса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);); 6) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті. ; 7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері қосымша ұсынылады: 8) егер некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік; 9) бар болған жағдайда балалардың туу туралы куәліктері; 10) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, ата-анасының неке қию туралы куәлік (бар болса); 11) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; 12) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнетақы куәлігінің көшірмесі. Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы: 1) осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген, заңды күшіне енген акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімі туралы мәліметтер. Тарихи отанына оралған тұлғалар Қазақстан Республикасына заңды келу туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтінішхатын қосымша ұсынады. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс не оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
|
|
|
10
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
|
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 28-Қосымша
|
|
|
Нысан
|
|
|
____________________________ (тіркеуші орган атауы) ____________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) мекен-жайы: ____________________________ Тел. № ______________________ №жеке басын куәландыратын құжат _______________________ ____________________________ (нөмірі, кіммен, қашан берілген) ЖСН______________________
|
| |
|
|
|
|
Акт жазбасын қалпына келтіру туралы Өтініш
Мына ___________________акті жазбасын қалпына келтіруіңізді сұраймын
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
- Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі
___________________________
- Туылған күні ________________________________________________________
- Туылған жері________________________________________________________
- Ұлты _______________________________________________________________
- Азаматтығы _________________________________________________________
- Отбасылық жағдайы _________________________________________________
- Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі және туған күні және туылған жерлері ____________
- Ағайындардың, апасының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі және туған күні, олардың туылған жерлері ________
- Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________
- Қайда және кім болып жұмыс істейді __________________________________
- Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда тіркеуде тұр ___________________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _____________________________
_____________________________________________________________________
- Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке қосып беремін:
1) ______________________________ 4) _______________________________
2) ______________________________ 5) _______________________________
3)_______________________________ 6) _______________________________
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "______" ______________________қолы ____________________
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Журнал бойынша № ____
--------------------------------------------------------------------
(жыртып алу сызығы) ЖАО үшін
20____ жылғы "____" _______ қарауға акті жазбасын қалпына келтіру туралы
өтініш қабылданды
Қарау нәтижелері 20____ жылғы "____" ______________ хабарланатын болады
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)