-тарау. Азаматтық хал акт жазбаларын жою тәртібі

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

9-тарау. Азаматтық хал акт жазбаларын жою тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - жазбаларды жою туралы стандарт) келтірілген.
  2. Азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбалардың күшін жою туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.
  3. Бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайта жасалған жазбаны тапқан немесе мүдделі адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою туралы өтінішін алған тіркеуші орган акт жазбаларының тиісті көшірмелерін жинайды және бір данада қорытынды жасайды, ол осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
  4. Сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаларды жою туралы стандарттың 8 -тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.
  5. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жоюды сот шешімі негізінде тіркеуші орган қорытынды жасамай жүргізеді.
  6. Күші жойылғанға дейін берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алынады және жойылады. Куәлік болмаған жағдайда бұл туралы өтініште көрсетіледі.
  7. Азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою туралы өтініші бойынша азаматтық хал актісі тіркелген адамдарға, тіркеуші органға (жазба басқа жерде тіркелсе), сонымен қатар аумақтылығы бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) әділет органына хабарланады.
  8. Қалпына келтірілген немесе қайта жасалған азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою туралы өтінішті шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
  9. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жоюды, күші жойылуға жататын жазбаның орналасқан жері бойынша тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің тіркеуші органға жіберілетін өтініші бойынша жалпы тәртіппен жүргізеді.
  10. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық хал акт жазбаларының күшін жою Кодекске сәйкес жүргізіледі.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
31-Қосымша

"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні;
азаматтық ортақ акт жазбасының күшін жою үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді).);
портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) мүдделі адамдардың өтініші бойынша, сондай – ақ, сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күші жойылған кезде - азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;
2) әкелікті анықтау, бала асырап алу туралы (бастапқы жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтіре отырып), атын, тегін және әкесінің атын өзгерту туралы акт жазбаларының күші жойылған кезде - бастапқы деректері бар туу туралы қайталама куәлік, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама;
3) некені (ерл- зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының күші жойылған кезде-тиісті неке қию (ерл- зайыптылық) туралы куәлік;
4) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, тіркеуші органның азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы жауабы немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

Тегін

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Акт жазбаны жою үшін:
1) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жойылуға жататын акт жазбасы негізінде берілген куәліктер (болған жағдайда);
4) азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою қажеттілігін растайтын құжат (бар болса);
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:
1) осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімі негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін));
3) күші жойылуға жататын акт жазбасын көрсете отырып, соттың күшін жою туралы, акт жазбасын анықтау не мемлекеттік тіркеу туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтер.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
32-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
_____________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН ______________________

         

 Акт жазбасының күшін жою туралы  Өтініш

      ______________________ туралы акт жазбасының күшін жоюыңызды сұраймын.

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

  1. Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

       _____________________________________________________________________

  1. Туылған күні ________________________________________________________
  2. Туылған жері________________________________________________________
  3. Ұлты_______________________________________________________________
  4. Азаматтығы ________________________________________________________
  5. Отбасылық жағдайы _________________________________________________
  6. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

       құжаттарда көрсетілсе), тегі және туылған жерлері __________________________

       _____________________________________________________________________

  1. Ағайындардың, апасының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда

       көрсетілсе), тегі және олардың туылған жерлері __________________

       _____________________________________________________________________

  1. Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________
  2. Қайда және кім болып жұмыс істейді __________________________________
  3. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әсекри борышты емес

       (керегінің астын сызу)

       а) қайда тіркеуде тұр ___________________________________________________

       б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _____________________________

       _____________________________________________________________________

       Өтінішке қосып беремін:

       1) ______________________________ 4) _______________________________

       2) ______________________________ 5) _______________________________

      3) ______________________________ 6) _______________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

       20__ жылғы "______" _______________________

      (қолы)

       _____________________________________________________________________

       (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Журнал бойынша № ____

       ---------------------------------------------------------------------

      (қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

       20 ___ жылғы "____" _____________ акті жазбасының күшін жою туралы өтініш

      қарауға қабылданды

       _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Қарау нәтижелері 20____ жылғы "____" ____________ хабарланатын болады

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

-тарау. Азаматтық хал акт жазбаларын жою тәртібі
Дата публикации
04 декабря 2020