|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығына 1 қосымша
|
5-тарау Атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Т.А.Ә. ауыстыру туралы стандарт) келтірілген.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес Т.А.Ә. ауыстыру туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш береді.
- Егер азаматтық хал акт жазбасы жоғалған жағдайда, онда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу Кодексте белгіленген тәртіппен ол қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
- Егер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылған құжаттарда және азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерінде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер Кодексте белгіленген тәртіппен жойылады.
- Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері азаматтық хал акт жазбасында көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеген не АХАЖ АЖ-да азаматтық хал акт жазбасы болмаған кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру, өзгерістер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу туралы тиісті өтінішпен жүгінеді.
- Азаматтық хал актісі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген жағдайда тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәселені дұрыс шешу және өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерін талап ету қажет.
- Ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде өтінішті қабылдаған тіркеуші орган атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың негізділігі баяндалатын көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды бір данада жасалады, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Қорытынды бекітілгеннен кейін тіркеуші органның лауазымды тұлғасы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік береді.
- Тіркеуші орган атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасын тіркегеннен кейін АХАЖ АЖ-ға туу туралы акт жазбасына (қажет болған жағдайда) тиісті өзгерістер енгізеді, туу туралы куәлікті қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін туу туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.
- Туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша тіркеуші орган осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштерді қабылдайды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу, кәмелет жасқа толмаған балалардың туу туралы акт жазбаларына тиісті өзгерістер енгізеді, тиісті куәліктерді қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін акт жазбаларының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркегеннен және растайтын құжаттарды (атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда - туу туралы куәлік) алғаннан кейін азамат бір ай мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 21-Қосымша
|
|
"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
|
1
|
Қызмет берушінің атауы
|
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)
|
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
|
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4) портал арқылы жүзеге асырылады.
|
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі
|
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға - 5 (бес) жұмыс күні; азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны
|
Электронды/қағаз түрінде
|
|
|
5
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі
|
1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік; ; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.
|
|
|
6
|
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері
|
1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін - 2 АЕК; 2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін - 0,5 АЕК. Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.
|
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады; 3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;; 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер; 4) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті. ; 5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 6) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды сұраған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету; 4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
|
|
|
10
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
|
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
|
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру Қағидаларына 22-Қосымша
|
|
|
____________________________ (тіркеуші орган атауы) ____________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) мекен-жайы: ____________________________ Тел. № _______________________ №жеке басын куәландыратын құжат _______________________ ____________________________ (нөмірі, кіммен, қашан берілген) ЖСН_______________________
|
| |
|
|
|
|
Тегін, атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) өзгертуді мемлекеттік тіркеу туралы (керегінің астын сызу) Өтініш
Менің _______________________________________________________________
(қандай өзгертулер енгізу керектігін көрсету)
__________________________________________________________байланысты
(таңдалған аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
тегі) (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын.
тегі өзгеру себебі)
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
- Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі
____________________________________________________________________
- Туылған күні _______________________________________________________
- Туылған жері_______________________________________________________
- Ұлты ______________________________________________________________
- Азаматтығы ________________________________________________________
- Отбасылық жағдайы ________________________________________________
- Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі және туылған жерлері ___________
____________________________________________________________________
- Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________
- Жұмысы туралы деректер ___________________________________________
- Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті немесе әскери міндетті жоқ
(керек астын сызып қою)
а) қайда тіркеуде тұр __________________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ____________________________
_____________________________________________________________________
- Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе белгіленген тәртіпте
шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі өзгерту туралы өтініш қабылданғаны
жөнінде сәйкес сұранысты жолдау үшін, көрсету
- Бұрын тегін, атын, әкесінің (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
атын ауыстырған ба _________________________________________
- Тегін, атын, әкесінің (болғанда) атын ауыстыру себебі ___________________
____________________________________________________________________
Өтінішке қосып беремін:
1) ______________________________4) ________________________________
2) ______________________________5) ________________________________
3) ______________________________6) ________________________________
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
20__ жылғы "______" ____________ қолы ___________
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Журнал бойынша № ____
---------------------------------------------------------------------
(жұлып алу сызығы)
20____жылғы "___" ________ қарауға тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы
өтініш қабылданды
Қарау нәтижелері 20__ жылғы "___" ________________ хабарланатын болады
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)