Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

2-тарау. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - туу туралы стандарты) келтірілген.
  2. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата – аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.

       Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі және туу туралы акт жазбасының негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өлі туғандығы туралы немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланың туу туралы анықтамасы беріледі.

      Заңға сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті қызмет арқылы баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру талап етілмейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде баланың тууын тіркеу үшін негіз болып табылатын туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі жөнінде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы (тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) болған кезде) мәліметтер көрсетіледі.

      Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органында келесі құжаттардың бірін ұсынған кезде жүргізілуі мүмкін:

      1) туу туралы куәліктің түпнұсқасы;

      2) туу туралы акт жазбасының көшірмелері;

      3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы туу туралы куәліктің түпнұсқасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оның көшірмесін жасайды және түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

  1. Өтінішті және қоса берілген құжаттарды толық толтыру фактісі анықталған жағдайда (қажет болған жағдайда) құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлға өтінішті және қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданған өтінішті тіркейді, деректерді АХАЖ АЖ-не енгізеді.
  2. Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады.

      Медициналық куәлік АХАЖ АЖ-не электронды түрде түседі.

      Өтінішті көрсетілетін қызметті берушіде баланың анасы қағаз түрінде береді. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туу туралы медициналық куәлікте және өтініште көрсетілген мәліметтерді салыстырады, одан кейін тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті өтініш журналында тіркейді.

      Егер ақпарат сәйкес келсе, өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде туу туралы куәлік беріледі.

      Егер ананың өтінішінде көрсетілген мәліметтер медициналық туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

  1. Екі және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электрондық түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде бір-бірінен кейінгі туу туралы жеке акт жазбалар жасалады және балаларға жеке туу туралы куәліктер беріледі.
  2. Бір жасқа дейінгі баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасы ағымдағы тууды тіркеу кітабында жүргізіледі.
  3. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган осы Қағидаларға 7 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының (бұдан әрі-қорытынды) негізінде жүргізеді.
  4. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы стандарттың 8-тармағында көзделген қажетті құжаттар тізбесі негізінде өтініш жасаған кезде, тіркеудің мерзімі өткені туралы материал жасалады, тіркеуші органның басшысы бір данада қорытынды бекітеді, ол тіркеуші органда сақталады, содан кейін "қалпына келтірілген" санатында туу туралы акт жазбасы тіркеледі және баланың туу туралы куәлігі беріледі.

      Осы Ереженің 22-тармағына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы куәлік қалпына келтірілгеннен кейін, Қазақстан Республикасында туу тіркеу жасалғаны туралы хабарлама бастапқы туу туралы куәлік берілген жердегі тіркеуші органға жіберіледі (Қазақстаннан тыс жердегі тіркеуші органдарында алғашқы тууы тіркелген жағдайда).

  1. Әке (ана) болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы туу туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:

       баланың ата-анасы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бірлескен өтініші негізінде қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде әке (ана) болуды анықтау туралы баланың ата-анасы;

       өзін баланың әкесі деп таныған тұлға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әке (ана) болуды анықтау туралы өзін баланың әкесі деп таныған тұлға;

       баланың анасы немесе басқа да мүдделі тұлғалар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде өтінішпен жүгінеді.

  1. Егер өтініш беруші сотпен әрекетке қабілетсіз деп таныған адам, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы болып табылса, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартылады.
  2. Егер баланың тууы туралы акт жазбасында белгілі бір адам әке болып көрсетілсе, сондай-ақ ұсынылған құжаттар Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші орган әке (ана) анықталған кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартады.

      Бұл жағдайда тіркеуші орган баланың туу туралы акт жазбасы бойынша әкесі туралы бұрын енгізілген мәліметтердің негіздемесін тексереді.

      1) егер әке болу белгіленетін баланың анасы тіркелген некеде тұрса (ерлі-зайыптылықта);

      2) егер баланың анасы тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған болса, ал туу туралы куәлікте тегі анасының тегіне сәйкес келмейтін баланың әкесі көрсетілсе тексеру жүргізіледі.

  1. Егер туу туралы акт жазба басқа тіркеуші органда болса, ол АХАЖ АЖ-нен басып шығарылады. Туу туралы куәлікте және АХАЖ АЖ-да көрсетілген деректер сәйкес келмеген жағдайда, жеткілікті негіздер бар болса, туу туралы акт жазбасына түзетулер енгізіледі.
  2. Егер тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркеуші органда жүргізілсе, Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияларға және басқа да халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы пошта байланысы арқылы акт жазбасының көшірмесіне тиісті сұрау салу жіберіледі.

      Туу туралы акт жазбасының көшірмесі талап етілгені туралы өтініш берушілерге (өтініш берушіге) хабарланады. Туу туралы акт жазбасының көшірмесі келіп түскеннен кейін әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш негізінде әке (ана) болуды анықтау күні тағайындалады.

  1. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін әке (ана) болуды анықтау туралы өтінішке баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (баланың тууын мемлекеттік тіркеуге және әке болуды анықтау туралы өтінішті бір мезгілде беруді қоспағанда) қоса беріледі.
  2. Егер шетелдік тіркеуші органдарда тіркелуіне қарамастан, ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының тіркеуші органында жүргізілсе, әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш келіп түскен кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тіркеуші органда сұрау салусыз өзгерістер, толықтырулар енгізілуі мүмкін.
  3. Өтінішті және қоса берілген құжаттарды (қажет болған жағдайда) толық толтыру фактісі анықталған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлға өтінішті және қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған өтінішті тіркейді, деректерді АХАЖ АЖ-не енгізеді.
  4. Тууды мемлекеттік тіркеу және әкелікті (аналықты) анықтау үшін өтініш бір мезгілде берілген кезде АХАЖ АЖ-да анасының тегі бойынша баланың туу туралы акт жазбасы тіркеледі, одан кейін өзгерістер, толықтырулар енгізіледі, туу туралы акт жазбалары екі данада басып шығарылады, туу туралы куәлік қалыптастырылады.
  5. Егер әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш келіп түскен кезде баланың тууын мемлекеттік тіркелген болса, әке (ана) болуды анықтау туралы келіп түскен өтініш негізінде тіркеуші орган сол күні баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді және осыған байланысты өзгерістерді, толықтыруларды енгізеді және туу туралы қайталама куәлік береді.
  6. Өзгерістер, толықтырулар енгізілгеннен кейін тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға (егер тууды мемлекеттік тіркеу басқа тіркеуші органда жүргізілсе), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізу үшін хабарлама жіберіледі.
  7. Алынған хабарламаның негізінде қағаз түріндегі туу туралы акт жазбасына қажетті өзгерістер, толықтырулар енгізіледі.
  8. Әке болуды анықтау тиісті соттың шешімімен күші жойылған жағдайда тіркеуші орган әкесі туралы мәліметтердің және баланың тиісті деректерін (тегі әкесінің тегі бойынша немесе әкесінің (атасының) аты бойынша, сондай-ақ әкесінің атын әкесінің аты бойынша) күшін жояды.
  9. Әке болуды анықтау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы сот ұйғарымын (қаулысын), сондай-ақ әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшін жою туралы, жазбаны жарамсыз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімін алған кезде әке болуды анықтау туралы акт жазбасы (бар болған кезде), не туу туралы акт жазбасындағы әке болуды анықтау туралы арыз негізінде енгізілген әкесі туралы мәліметтер, баланың тегі мен/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) сызылып тасталады, оның беткі жоғарғы жағында: "әкесі туралы жазба жойылған", ал "белгілер үшін" бағанында шешімді қашан және қандай соттың шығарғаны туралы белгі қойылады.
  10. Әке болуды анықтау туралы акт жазбасы (бар болса) немесе әке болуды анықтау туралы өтініш негізінде туу туралы акт жазбасына енгізілген әкесі туралы мәліметтер, баланың тегі және/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) жойылғаннан кейін, баланың бастапқы деректерін қалпына келтіру жүргізіледі (баланың тегі, егер әке болуды анықтауға байланысты өзгертілген болса, сондай-ақ оның әкесінің аты және әкесі туралы мәліметтер).
  11. Әке болуды анықтау туралы акт жазбасының (бар болған кезде) не әке болуды анықтау туралы өтініш негізінде енгізілген туу туралы акт жазбасындағы әкесі, тегі мен/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) туралы мәліметтердің күшін жойылғаны туралы, баланың бастапқы деректерін қалпына келтіргені туралы тіркеуші орган тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға (егер тууды мемлекеттік тіркеу басқа тіркеуші органда жүргізілсе), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына хабарлайды, олар осындай тәртіппен мұрағаттық жазбаларын немесе мәліметтерді жоюды жүргізеді.
  12. Әке болуды анықтау туралы міліметтер жойылған кезде тіркеуші орган қажет болған жағдайда баланың анасына осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес туу туралы анықтама береді.
  13. АХАЖ АЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыруы болған жағдайда ақпарат электрондық форматта беріледі.
  14. Бала (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде туу туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
  15. Бала (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтінішті алған кезде лауазымды адам өтініш нысанының және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыс толтырылуына, сондай-ақ баланың туу туралы акт жазбасының болуына тексеру жүргізеді.
  16. Бала (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу баланың тууын тіркегеннен немесе жоғалған туу туралы акт жазбасын қалпына келтіргеннен кейін ғана жүргізіледі.

      Жоғалған жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен тіркеуші органға баланы асырап алған адамдар, ата-ана (егер сот шешімі бойынша балаға қатысты оның құқықтары мен міндеттері сақталса), қорғаншы және қамқоршы орган, он алты жасқа толған асырап алынған адамның өзі, сондай-ақ бала тәрбиесінде жүрген тұлғалар мен мекемелер жүгінеді.

  1. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізеді.
  2. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген кезде), тегі, сондай-ақ оның ата-аналары туралы деректер бала асырап алу туралы сот шешіміне сәйкес енгізіледі.
  3. Егер асырап алынған бала (қыз) туралы немесе бала асырап алушылар туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарында, баланың туу туралы куәлігінде және бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетілген мәліметтер бір-біріне сәйкес келмесе, тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізу осы мәліметтер нақтыланғанға дейін кейінге қалдырылады.
  4. Егер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінде асырап алынған баланың атын, әкесінің атын, тегін, туған жері мен туған күнін өзгерту және бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде енгізу туралы көрсетілмесе, онда асырап алынған баланың туу туралы акт жазбасына соттың тиісті шешімі туралы мәліметтер енгізіледі.

      Егер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі бойынша дербес деректер, баланың туған күні және/немесе жері өзгерсе, онда туу туралы акт жазбасы қалпына келтіріледі және жаңа ЖСН қалыптастырылады.

  1. Егер асырап алынған баланың ата-анасы ретінде сот шешімі бойынша бала асырап алушылар жазылса, алайда баланың дербес деректері өзгертілмесе, баланың туу туралы куәлігін беру кезінде ата-аналар бағанындағы мәліметтер ғана өзгертіледі.
  2. Бала (қыз) асырап алушы тек әйел (ер адам) ғана болған жағдайда және бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінде баланың әкесі (анасы) осы балаға қатысты құқықтар мен міндеттердің сақталатыны көрсетілген жағдайда, әкесі (анасы) туралы мәліметтер туу туралы акт жазбасына бастапқы акт жазбасына сәйкес енгізіледі.
  3. Егер баланың әкесінде оның құқықтары мен міндеттері сақталмаса не туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтер болмаса, онда бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша әкесі туралы мәліметтерді тіркеуші орган Кодекстің 192-бабы 4-тармағы 2) тармақшасында көзделген тәртіппен көрсетеді.
  4. Баланың анасында оның құқықтары мен міндеттері сақталмаған немесе анасы туралы бастапқы мәлімет баланың туу туралы куәлігіне енгізілген жағдайда, онда ол мәліметтерді тіркеуші орган соттың шешіміне сәйкес баланың әкесі деп жазылған ұл (қыз) бала асырап алушы ер адамның жазбаша өтініші бойынша қалпына келтірілген акті жазбасына енгізеді. Мұндай жағдайларда анасының тегі ұл (қыз) бала асырап алушы ер адамның тегі бойынша, ал оның есімі, әкесінің есімі және ұлты қорытынды жасамай-ақ оның көрсетуі бойынша жазылады.
  5. Тіркеуші орган тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) баланың анасы ретінде жазылған әйелдің баланы асырап алуына байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізу кезінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес туу туралы анықтаманы жазбаша нысанда не электрондық түрде береді.
  6. Қалпына келтірілген туу туралы акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында бала асырап алу туралы сот шешімі (соттың атауы, сот шешімінің шығарылған және заңды күшіне енген күні) көрсетіледі.
  7. Бала асырап алушыларға асырап алынған ұл (қыз) баланың туу туралы жаңа куәлігі беріледі, ал бұрынғы куәліктің күші жойылады.
  8. Сот бала асырап алу туралы бұрын шығарылған шешімге қосымша жаңа қосымша шешім шығарған жағдайда, оған сәйкес бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазылады не баланың аты, әкесінің аты, тегі, оның туған күні мен жері өзгертіледі, тіркеуші орган бұрын жасалған асырап алынған баланың туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді.
  9. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану, сондай-ақ бала асырап алудың күшін жою тек сот тәртібімен жүргізіледі.
  10. Тіркеуші органға бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі келіп түскен кезде туу туралы актінің қалпына келтірілген жазбасы бұл туралы "жазба жойылды"деген белгі қою арқылы жойылады.
  11. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда тіркеуші орган баланың бастапқы ЖСН Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
4-қосымша

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тууды тіркеу үшін-2 (екі) жұмыс күні;
әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20(жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде туу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі;
2) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
3) шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
3) жеке тұлғалар - ұл бала (қыз бала) асырап алуға және әкесін анықтауға байланысты туу туралы куәліктер қайтадан берілгені үшін.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу туралы өтініш;
2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы куәліктердің сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
5) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 8, 9, 10, 12, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (бала асырап алу туралы););
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
5) туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама.
Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе үялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) ҚР-да тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің сканерленген көшірмелері;
5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) туу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы жаңа куәлікті алған кезде ұсынылады), жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.

 

         

 

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі
Дата публикации
04 декабря 2020