Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

6-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - қайтыс болу туралы стандарт) келтірілген.
  2. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болу туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.

      Жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда қайтыс болу туралы өтінішхатпен тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қайтыс болған адам ұсталған не адам қайтыс болған ұйым әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жүгіне алады.

  1. Егер өтініш беруге уәкілетті тұлғалар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген, қайтыс болу фактісін анықтау немесе тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермеген жағдайда, қайтыс болған жері бойынша тіркеуші орган қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін АХАЖ АЖ-ға келіп түскен негізге сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жүргізеді.
  2. Тұлғалардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде АХАЖ АЖ-ға келіп түскен мәліметтерге сәйкес қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте, қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде қамтылған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі. Қайтыс болу туралы куәлік басылып шығарылмайды.

      Қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да тұлғалар жүгінген кезде қайтыс болған тұлға туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болғаны туралы акт жазбасына енгізіледі және қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі.

  1. Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына, басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне, басқа туыстарына - мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша қайтыс болу туралы куәлік беріледі.

      Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана беріледі.

  1. Қайтыс болған адамның жақын туыстарының, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да адамдардың өтініші бойынша қорытынды жасалмай, қайтыс болғаны туралы акт жазбасына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.
  2. "Белгілер үшін" бағанында өтініш берушінің туыстық дәрежесін немесе Кодекстің 273-бабында көрсетілген адамдардың санатын, сондай-ақ Кодекстің 270-бабына сәйкес кейін тиісті органдарға жіберілетін қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаты мен әскери билеті туралы және оларды алғаны туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
  3. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде жүргізілген жағдайда, ол қайтыс болған күні қайтыс болу туралы акт жазбасында сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе сот шешімімен белгіленген күн көрсетіледі.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
25-Қосымша

"Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4)портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

Қайтыс болуды тіркеу мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы өтініш қабылданғанын растау және қайтыс болу туралы куәлікті беру күнін белгілеу туралы хабарлама беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде қайтыс болғаны туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
2) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы куәлiктер, оларға қайталама берiлген немесе бұрын берiлгендерін ауыстырғаны үшiн.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 26 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер;
3) қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетіледі);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болуы сот шешімінің негізінде тіркелген жағдайда - қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер;
6) қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болса);
7) қажет болған жағдайда (егер көрсетілетін қызметті алушының тегі және (немесе) әкесінің аты бойынша туыстық байланыс байқалмаса) жақын туыстығын растайтын құжат.
Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаты және әскери билеті туралы мәліметтер (ол болған жағдайда түпнұсқа тіркеуші органға тапсырылады, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуге тиіс);
3) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
26-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

         

 Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

       Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуіңізді сұраймын _________________________

      _____________________________________________________________________

       (қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда

      көрсетілсе) тегі,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның туылған күні,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның соңғы орны,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның отбасылық жағдайы,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның қайтыс болу күні,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның өлімінің себебі

       Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың және әскери билетінің (болған жағдайда) түпнұсқаларын тапсыру қажеттігі туралы хабардар етіледі.

      Өтінішке қоса беремін _________________________________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

       491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза

      қолданылатыны туралы ескертілді.

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

       "____" ___________ 20__ жыл _______________________ қолы

       _____________________________________________________________________

       (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), өтінішті

      қабылдаған лауазымды адамның тегі)

       журнал бойынша № __________

       ---------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы) – ЖАО үшін

       "____" __________ 20__ қайтыс болу туралы өтініш қарауға қабылданды

      Қарау нәтижелері хабарланады "____" ________ 20__ жыл

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Дата публикации
04 декабря 2020