Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған
бекітілген азаматтық бюджеті
Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.
Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2024-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 14 шілдедегі № 127 шешімімен бекітілді.
Орта мерзімді кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін және аудан бюджетінің жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
|
№ |
Көрсеткіштер атауы |
2023 жыл факт |
2024 жыл болжам |
2025 жыл болжам |
2026жыл болжам |
|
1 |
Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
56087,2 |
58891,6 |
61836,1 |
64927,9 |
|
2 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
3655,9 |
3838,7 |
4030,6 |
4232,2 |
|
3 |
Халық саны, мың адам |
24,0 |
24,6 |
24,9 |
24,8 |
|
4 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
|
5 |
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
3450,0 |
3692,0 |
3950,0 |
4227,0 |
|
6 |
Ең төменгі жалақы, теңге |
70000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
|
7 |
Орта айлық номиналдық жалақы, теңге |
224186,0 |
235395,0 |
247165,0 |
259523,0 |