Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

  1. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) Бөлімнің құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;

4) тарихи-мәдени мұраны сақтау;

5) ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту.

  1. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      сотта талапкер және жауапкер болу, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар;

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс пен аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;

      мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарды мен құжаттарды дайындау;

      ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Функциялар:

1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;

2) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

5) мәдениет, мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; 

7) Бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

         9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Дата публикации
05 июля 2024