Федоров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ 2023 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есеп.
|
1. Жалпы ереже.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» (бұдан әрі-ТКШ бөлімі) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органмен болып табылады, және де мемлекеттік мекемесіндегі ұйымдастыру-құқықтық нысанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады. 2. ТКШ бөлімінде ведомства жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқада нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Федоров ауданы әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады (бұдан әрі-аудан әкімдігі). 3. ТКШ бөлімінің құрылтайшысы аудан әкімдігі болып табылады. 4. ТКШ бөлімі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес Қазынашылықтың басқармасында есеп шоты бар. 5. ТКШ бөлімі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. 6. ТКШ бөлімі заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық тараппен мемлекеттік атынан шығуға құқықты. 7. ТКШ бөлімі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамалармен белгіленген тәртіпте «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды. 8. ТКШ бөлімінің құрылым және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамамен белгіленеді. 11. Ереже ТКШ бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады. 12. ТКШ бөлімін қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүзеге асырады. 13. ТКШ бөліміне кәсіпкерлік субъектілермен ТКШ бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
Мемлекеттік қызмет саны |
7 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілетін қызмет саны |
2 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны |
7 – тегін; 0– ақылы; 0 – ақылы/тегін |
|
|
Қағаз және (немесе) электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны |
7 – электронды/ қағаз, 0– қағаз |
|
|
Мемлекеттік қызметтің бекітілген стандарттары мен регламенттері саны |
0 – стандарт, 0 – регламент |
|
|
3) Көбірек талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2023 жыл ішінде Бөлім 35 мемлекттік қызмет көрсетті |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет: |
Халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметке бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қызметті алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат орналастырылған: «Мемлекеттік қызметттер туралы » Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімі, аудан әкімдігі мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік органдардың-аудан әкімдігінің қызмет берушілерінің байланыс телефондары. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік-құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдары бар стендтер ілінген, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лауазымды тұлғалар белгіленген. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-б. сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің құзіретіне мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларына ашық талқылау жүргізу кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған әс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқа) |
2022 жыл ішінде ТКШ бөлімінің мамандарымен «Федоровские новости» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1 мақала жарияланды. |
|
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру қызметі
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы жеңілденді, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік тосқауылдар қысқарды.
|
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында, құқықтық жалпы білім сабағы жүргізіледі, мұнда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталығының кіріктірілген ақпараттық жүйесімен жұмыс жөнінде семинарларға қатысады Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің «Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін арттыру орталығы» КМКК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат |
Есептілік кезең ішінде Бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген Жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі Бөлімде 1 ішкі бақылау іс-шарасын жоспарлады және өткізді Бақылау іс-шаралары нәтижесінде заң бұзушылық анықталмады, ұсыныстар берілді. |
|
|
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
2023 жылы Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган бақылау жүргізген жоқ. |
|
|
4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері |
Мемлекеттік органдарда-аудан әкімдігінің қызмет берушілерінде және оларға бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бұдан әрі дамыту және сапасына қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру |
||
|
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру болып табылады. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету саласында Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызмет санының артуы, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы лицензиялар мен рұқсат беруші құжаттар беру бойынша оң тенденция байқалады. Мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде халықтың сұранысын негізге ала отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасатын болады. |
||
Басшы Ж. Айменов