Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылы әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 23 маусымда Воронеж, Ленин, Новошумное сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылының әкімдерін сайлауы өткізілді.

Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының                              9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының  Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындылады.

Воронеж сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 850 азамат енгізілді, олардың 533 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 3, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында – 7.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Баймухамбетова Г.С. – 89; Жупар Н. – 324; Нуркина А.А. – 110.

Воронеж ауылдық округінің әкімі болып Жупар Наташа сайланды, 1975 жылы туған, «Федоров ауданы білім бөлімінің Успенов жалпы білім беретін мектебі» КММ басшысы, Федоров ауданының Успенов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ Федоров аудандық филиалымен ұсынылды.

Ленин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 756 азамат енгізілді, олардың 479 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 2, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында – 8.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Муканов К.А. – 88; Сейдахметов А.А. – 301; Сейткереев Р.Б. – 80.

Ленин ауылдық округінің әкімі болып Сейдахметов Абай Аскарович сайланды, 1979 жылы туған, «Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Федоров ауданының Заозерное ауылында тұрады, «Respublica» партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалымен ұсынылды.

            Новошумное сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 636 азамат енгізілді, олардың 414 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 2, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында – 3.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Куантаев А.Д. – 71; Лисачёв С.А. – 289; Шашков А.Г. – 49.

Новошумное ауылының әкімі болып Лисачёв Сергей Александрович сайланды, 1990 жылы туған, «Новошумное ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, Федоров ауданының Новошумное ауылында тұрады, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалымен ұсынылды.

                                                                    Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Воронеж, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылы әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
24 июня 2024