2023 жылғы 12 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы
есеп
|
1. Жалпы ережелер
|
||
|
1)Қызмет беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Федоров ауданының әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы болып табылады. 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11. Ереже Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті (аудандық) бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
2022 ж. -1947 2023 ж. - 430 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
115 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
430 – тегін; 0 – ақылы; 0 – ақылы/тегін |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
14– электрондық/қағаз, 1 – қағаз, 1- электрондық |
|
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерстандарттары және регламенттері |
15 – стандарттар |
|
|
3) Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың 12 айында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі барлығы 430 (ЭҮП арқылы –205) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетті, (2022 ж.-1947 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ЭҮП арқылы -1110)
- Мүгедектігі бар адамдарға протездiк - ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу – 56 (2022 ж. – 70) - Мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 99 (2022 ж. – 105) - Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 16 (2022 ж. - 19) - Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 42 (2022 ж. – 28) - Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу – 33 (2022 ж. -26) - Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу - 42 (2022 ж. -45) - Тұрғын үй көмегін тағайындау – 4 (2022 ж. - 2), - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру – 1 (2022 ж. - 0) - Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісі қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу- 0 (2022 ж. - 8) - Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - жылына алпыс сағат-5 (2022 ж. -13) - Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 25 (2022 ж. -15) - Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру-0 - Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау – 60, (2022 ж. -77) - Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту – 47 (мемлекеттік қызмет 2022 жылғы мамырдан бастап - 37) Ақталған адамға куәлік беру – 0. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер орналастырылғын, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттары, Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарының байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдар орналастырылған стендтер ресімделген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тазалығынқамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинары, кездесулер, интервьюлер және басқалар) |
2023 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының инспекторларымен дөңгелек үстел өткізуге қатысты, күн тәртібі: Мемлекеттік қызметтер көрсету, Мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, 11 адам қатысты. |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыружәне автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы білім беру сабақтары жүргізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау семинарларына қатысады. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау . |
||
|
1)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер мәселелері бойынша қызмет алушының арыздары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
2023 жылы Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бақылау іс-шаралары өткізілмеді.
|
|
|
3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалаудың нәтижелері |
|
|
|
4)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қоғамдықмониторингтің нәтижелері |
2023 жылғы 28 сәуірде Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілді. Ескертулер жоқ. |
|
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттандығын арттыру және әрі қарай тиімділігінің келешегі
|
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына толығымен бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||