Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерге кандидаттарды тіркеді:
Воронеж ауылдық округі:
- Баймухамбетова Гульмира Сансызбаевна, 1981 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Федоров ауданының Жаркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
- Жұпар Наташа, 1975 жылы туған, «Федоров ауданы білім бөлімінің Успенов жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, Федоров ауданының Успенов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ Федоров аудандық филиалымен ұсынылды.
- Нуркина Асель Абдыбековна, 1981 жылы туған, «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Федоров ауданының Костряков ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Ленин ауылдық округі:
- Муканов Куаныш Асылбекович, 1993 жылы туған, «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
- Сейдахметов Абай Аскарович, 1979 жылы туған, «Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Федоров ауданының Заозерное ауылында тұрады, «Respublica» партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалымен ұсынылды.
- Сейткереев Руслан Балгинович, 1995 жылы туған, «Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің кеңесшісі, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Новошумное ауылы:
- Куантаев Алексей Дмитриевич, 1990 жылы туған, «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-нің «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
- Лисачёв Сергей Александрович, 1990 жылы туған, «Новошумное ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкім, Федоров ауданының Новошумное ауылында тұрады, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалымен ұсынылды.
- Шашков Александр Георгиевич, 1970 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.