ЖОБА
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданына бірыңғай
сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің
қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
2022 жылғы 15 наурыздағы № 43 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Федоров ауданына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Федоров ауданының әкімі ТАӘ