Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтерінің және Новошумное ауылының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

 

 

ФЕДОРОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ФЕДОРОВСКОГО РАЙОНА

 

 

 

111900, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Федоров ауданы,

Федоров а., Красноармейская көшесі, 53

 

111900, Республика Казахстан,

Костанайская область, Федоровский район,

с. Федоровка, ул. Красноармейская, 53

эл. адрес: tikfed@mail.ru

2024 ж. 15 мамыр

№ 8

15 мая 2024 г.

       

 

 

ҚАУЛЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтерінің және Новошумное ауылының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін

құру туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-баптың 6) тармақшасына, 21-баптың 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтері және Новошумное аулының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

1) Воронеж сайлау округі Воронеж ауылдық округінің шекарасында;

2) Ленин сайлау округі Ленин ауылдық округінің шекарасында.

3) Новошумное сайлау округі Новошумное ауылының шекарасында.

  1. Аумақтық сайлау комиссиясының шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округтері Федоров ауданының аумақтық комиссиясының интернет-парақшасында және «Федоровские новости» аудандық газетінде жариялансын.

 

          Комиссия төрайымы                                      Т. Волоткевич

 

         

          Комиссия хатшысы                                        О. Рубе

 

Федоров ауданының Воронеж, Ленин ауылдық округтерінің және Новошумное ауылының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
15 мая 2024