Федоров ауданы әкімінің «Федоров ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассалары) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары туралы» шешімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына, «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының» 26-тармағына сәйкес, Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 бекітілген шешіміне сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Федоров ауданының ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршрутының мал айдау трассасы шекараларының СЫЗБАСЫ болып табылады.
Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15043649, талқылау мерзімі 2024 жылғы 13.05. бастап 2024 жылғы 27.05 дейін.
Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында
https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/documents/details/658460?lang=ru
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.